30 Қараша, 2020
680
Алматыда «Шаңырақ» республикалық шығармашылық байқауының жеңімпаздары марапатталды
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының этножурналистика саласындағы «Шаңырақ» республикалық шығармашылық байқауының жеңімпаздары марапатталды.
БАҚ өкілдерін 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні мерекесімен құттықтай отырып, ҚХА Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев мемлекет саясатын ақпараттық тұрғыдан қолдауға, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға, Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін насихаттауға үлес қосып жүрген журналистерге алғысын білдірді:
«Бәрімізге белгілі, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Көшбасшылығымен еліміз әлемнің саяси картасынан лайықты орын алып, биік халықаралық беделге ие болды.
Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде жүзеге асқан барлық реформалар мен маңызды бағдарламалар, еліміздің қол жеткен табыстары журналистер назарынан тыс қалған емес.
Қазақстан халқы Ассамблеясы жыл сайын мемлекет саясатын ақпараттық тұрғыдан қолдауға, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға белсенді үлес қосып жүрген журналистерді қолдау мақсатында «Шаңырақ» республикалық байқауын өткізуді дәстүрге айналдырған.
ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында әлеуметтік және этникалық топтар арасындағы келісімді нығайту туралы тапсырма берген болатын.
Осы орайда отандық журналистика қоғамдық келісімді дамыту, арандатушы ақпараттарға қарсы иммунитетті қалыптастыру және қоғам бірлігін сақтау тақырыптарын жиі көтеруі тиіс. Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық «Шаңырақ» байқауының жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймын!», - деді ол.
Іс-шараға этномәдени бірлестік өкілдері, Ассамблея мүшелері және республикалық БАҚ бас редакторлары қатысты.
Ұқсас жаңалықтар
-
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
-
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
20 Тамыз, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті