10 Ақпан, 2017
900
Алматыда Түркмен қоғамдық-мәдени орталығы мүшелерінің жиналысы өтті
2017 жылғы 9 ақпанда Алматы қаласы Достық үйінде Түркмен қоғамдық-мәдени орталығы мүшелерінің Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың конституциялық реформа бағдарламасын талқылау жиналысы өтті.
Іс-шараға республикалық және қалалық этномәдени орталықтарының төрағалары мен мүшелері, ҚХА ардагерлері, Түркмен қоғамдық-мәдени орталығының мүшелері, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессор-оқытушылар және студенттер құрамы, Д.А. Қонаев атындағы Еуразия заң академиясының Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының оқытушылары, БАҚ өкілдері қатысты.
Жиналысты түркмен этномәдени бірлестігінің төрайымы, ҚХА Кеңесінің мүшесі Г.А.Аннакулиева ашып, жүргізді.
Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан Төраға орынбасары Л.Н. Питаленко сөз сөйледі.
Қазақстанның тұрақты дамуын зерттеу институтының директоры Г.К. Қуатбаева сөз сөйледі. Өзінің сөзінде ол Ассамблеяның конституциялық реформаларды және Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға белсенді ат салысып жүргенін атап өтті. Бұл маңызды құжаттар қоғамдық келісімді, бірлікті, қазақстандық бірегейлікті сақтаумен тікелей байланысты. Іс-шараға студенттер, біздің еліміздің қоғамдық-саяси өміріне ат салысатын ең белсенді жастар қатысады, сондықтан біздің ЖОО-да өткізетін дәрістеріміз Елбасының Жолдауында қозғалған өзекті мәселелермен тікелей байланысты.
Алматы қаласы этномәдени бірлестіктерінің атынан Алматы қаласы ҚХА төрағасының орынбасары К.В. Мамсуров сөз сөйледі. Ол Президенттің қойған, жаһандық бәсекелеске қабілеттілікті қамтамасыз ететін, экономикалық өсімнің жаңа үлгісін құру мақсатын атап өтті. «Іс-шараға жастардың қатысып отырғаны өте жақсы, және бізді, аға буынды, үлгіге ала отырып, жастарды осы мақсатты жүзеге асыру үшін бүкіл күш-жігерін, әлеуетін жұмсауға үндеймін».
Барлық қатысушылардың ойынша Жолдауда қозғалған мәселелер Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысына, жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді, азаматтық принципіндегі қазақстандық бірегейлікті нығайтуға тікелей байланысты. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Жолдау мен Үшінші жаңғырудың мақсаттарын Ассамблеяның негізгі мақсаты деп қабылдау керек.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді