14 Наурыз, 2018
935
Амал – татулық пен бірлік мерекесі
14 наурыз барша мағыстаулықтар амал мерекесін қарсы алды.
Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында осы жылдан бастап бұл шара республикалық деңгейде тойланады. Мерекеге жергілікті тұрғындармен қатар, басқа өңірлерден қонақтар келген. Амал мерекесі жылдағыдай «Отпан» тарихи-мәдени кешенінде тойланды.
Облысымыздағы этномәдени бірлестіктердің өкілдері де мерекелік шараның куәсі болып қайтты. Барша жиналғандарды облыс әкімінің орынбасары Мақсат Сқақов құттықтап, амалдан-амалға аман жетуді тіледі. Мерекенің тәрбиелік мәні жоғары. Амал таңын қарсы алған әрбір үй ертемен есіктерін айқара ашып, шаңырақта міндетті түрде дастархан жайылады. Ренжіскен адамдар татуласып, араздық ұмтылады.
«Көрісу» салты бір күннің аясымен шектеліп қалмайды, жыл бойы жалғаса береді. Ауыл жастары үйдің үлкендеріне көрісіп шығуы міндетті. Ал көрісуге келген адамға ілтипат көрсетіледі.
Амал мерекесін Маңғыстауда тұратын өзге ұлт өкілдері де жақсы біледі. Және оны тойлауға барынша ат салысып жүр. Биыл да этномәдени бірлестіктердің өкілдері амал мейрамын халықтың ортасында қарсы алды. Өздерінің ұлттық киімдерін киіп, жұрттың назарында болды.
Олар осылайша ұлтаралық достық пен бірлікті көрсете білді. Ұлттары мен ұлыстары бөлек болса да, Отаны бір. Қазақстанда, бір шаңырақтың астында келісім мен бейтбішілікте өмір сүріп жатыр. Қазақстан халқына, Президентімізге шексіз ризамыз дейді этномәдени бірлестіктердің өкілдері. Олар да дәстүрге сай бір-бірімен, және жиналғандармен қол алысып, көрісті. Қазақ үйден ұлттық тағамдардан дәм тәтіп, концерттік бағдарламаны тамашалады.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
25 Тамыз, 21:37
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті