
23 Ақпан, 2016
1228
«Ана тілім - ардағым» тілдер фестивалі
2016 жылғы 20 ақпан күні Алматыдағы республикалық Достық үйінің ғимаратында Халықаралық ана тілі күніне арналған «Ана тілім - ардағым» атты тілдер фестивалі өтті.
Фестивальға ҚХА Төрағасының орынбасары Любовь Ни, мемлекеттік органдар, оқу орындарының, этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен жастар қатысты.
Тілдер фестивалінің аясында жексенбілік мектептер оқытушыларының тәжірибе алмасуы, мемлекеттік тілді және этностық топтардың тілдерін оқып-үйрену жөніндегі авторлық әдістемелердің таныстырылымы болда.
Семинар-тренингті өткізу барысында қатысушылар жексенбілік мектептердің қызметін мемлекеттік қолдау; ана тілін оқып-үйренудегі заманауи ұстанымдар тақырыптарын талқылайды; ҚХА-ның «Мың бала» республикалық мәдени-ағату жобасының және «Тілдарын» тілді жеделдете оқыту әдістемесінің тұсаукесері болды.
«Біздің өңірлердегі жексенбілік мектептердің барлығы тегін жұмыс істейді, оларда тілдерді оқытуды мемлекет бюджеттен қаржыландырады. Біздің іс-шарамыз Алғыс айту күні қарсаңында өтіп отыр. Бізге, қазақстандықтарға, бір-бірімізге, мемлекетке, Президентке алғыс айтатындай көптеген себептер бар», - деп атап көрсетті ҚХА Төрағасының орынбасары Любовь Ни өз сөзінде.
Реті келгенде айта кетейік, Қазақстанда өз ұлттарының тілінде сабақ берілетін 214 мектеп бар: олардың 76-сында өзбек, ұйғыр және тәжік тілінде оқытылады, аралас тілде оқытатын 138 мектеп бар. 190 этно-ағарту кешені мен лингвистикалық мектептер бар.
Достық үйінің кіреберіс залында фестивальге қатысушыларға арналып мемлекеттік тілді және этностық топтардың тілдерін оқып-үйрену жөніндегі әдебиеттердің, түрлі этностар тілдерін оқытуға арналған әдебиеттің «Ана тілі – халықтың рухани құндылығы» атты көрмесі өтті.
Фестиваль этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдарының мерекелік концертімен аяқталды.
Ұйымдастырушылар: ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі,
Алматы қаласының әкімдігі,
Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ.
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ҚХА шығармашылық ұжымдарының республикалық фестивалі өтті
-
«Жан DoStar: бір аспан астында» VIII Республикалық өнер фестивалі өтті
-
Маңғыстау облысында ҚХА 30 жылдығы аясында шығармашылық ұжымдардың республикалық фестивалінің облыстық кезеңі өтті
-
Алматыда Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Қазақ тілі – қазығым» байқауы өтті
-
Республикалық Достық үйіндегі Қазақстан халқының тілдері күні
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
вчера, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ҚХА шығармашылық ұжымдарының республикалық фестивалі өтті
-
«Жан DoStar: бір аспан астында» VIII Республикалық өнер фестивалі өтті
-
Маңғыстау облысында ҚХА 30 жылдығы аясында шығармашылық ұжымдардың республикалық фестивалінің облыстық кезеңі өтті
-
Алматыда Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Қазақ тілі – қазығым» байқауы өтті
-
Республикалық Достық үйіндегі Қазақстан халқының тілдері күні