02 Қазан, 2017
1367
«Ана тілім – айбыным» атты тіл фестивалі
Ағымдағы жылдың 29 қыркүйегі күні Достық үйінде мемлекеттік тілді жетік меңгерген этнос өкілдері мен облыстағы этномәдени бірлестіктер арасында «Ана тілім – айбыным» атты Тіл фестивалі өтті. Аталған іс-шараны Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы мен облыс әкімдігінің Тілдерді дамыту басқармасы бірлесе отырып ұйымдастырған.
Фестивальдің мақсаты - мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, мәртебесін көтеру мен маңыздылығын кеңінен насихаттау және өңірдегі түрлі этностардың ана тілдерін дамытуға қолдау көрсету.
Іс-шараға этномәдени бірлестіктердің өкілдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, тіл жанашырлары және облыстағы БАҚ өкілдері қатысты.
Тіл фестивалін басқарма басшысы Сұлушаш Құрманбекова ашып, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту бағытындағы белсенділігі үшін өңірдегі тіл жанашырларын марапаттады.
Мерекелік іс-шара қазақ халқының ұлттық биімен басталып, 9 ұлыстың өкілдері аналардың халықтар достығы мен татулығын сипаттайтын «Аналар тілегі» композициясымен жалғасын тапты.
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, еліміздің құрметті журналисі Мақұлбек Рысдәулет фестивальға қатысушыларды құттықтады.
Сонымен қатар, мемлекеттік тілді жетік меңгерген этнос өкілдерінің (орыс, кәріс, неміс, украин, өзбек, еврей, дүнген, татар, қытай, әзірбайжан) орындауында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты композиция орындалды.
Форум соңында Жамбыл облыстық филормониясы бишілерінің орындауында «Достық» биі, яғни, түрлі ұлт өкілдерінің киімдерін киіп, бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан ұлттардың достығы би арқылы ұсынылып, патриоттық әндер шырқалды.
Дата события ассамблеи: 02.10.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
-
КОСШЫ ҚАЛАСЫНДА «ОТБАСЫ – МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМ ӨТТІ
-
ҚР Парламентінің «Бір ел - бір мүдде» депутаттық тобының отырысы өтті
27 Маусым, 16:01
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
30 Маусым, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
27 Маусым, 14:52
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
27 Маусым, 14:47
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
2 Шілде, 15:38