Қазақстан халқы Ассамблеясы

02 Маусым, 2017

1480

«Ана және қоғам» тақырыбында Аналар кеңесінің кеңейтілген мәжілісі өтті

2017 жылдың  30 мамыр күні  сағат 11:00 - де  Жылыой  ауданында   Мәдениет  үйінде  Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айқындалған міндеттерді түсіндіру және насихаттау мақсатында ҚХА  жанындағы  Аналар кеңесінің  «Ана және  қоғам» тақырыбындағы кеңейтілген мәжілісі өтті.

Кеңейтілген мәжіліске Облыстық Аналар кеңесінің мүшелері, аудандық Аналар кеңесінің төрайымдары мен этномәдени бірлестіктердегі Аналар кеңесінің мүшелері, білім беру, денсаулық сақтау, облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық - демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері қатысады. Кеңейтілген мәжілісті Жылыой ауданының әкімі Избасов Максим Шафихұлы құттықтау сөзімен ашты.

Баяндамашылар: Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты  мақаласында айқындалған міндеттерді түсіндіру және насихаттау – Умирбаев Нұрадин Жұмашұлы – Жылыой ауданы әкімінің орынбасары. Аналар кеңесінің аналар туралы зерделеудің алғы шарттары» -ТүгелбаеваАлтынай Төлегенқызы–Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының тәрбие ісі жөніндегі бөлім басшысы, магистр. «Ана және қоғам» - Умарова Айсұлу Қайырқызы – облыстық адвокаттар алқасының төрайымы, Аналар кеңесінің мүшесі.«Өндіріс өзегінде мұнайшы - қыздар» - Тасмағамбетова Рысты Нұрғалиқызы –«Ембімұнайгаз» АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары.«Ана мен бала – қоғам байлығы» - Байкенова Гульсина Гарифжановна - «Татулық» татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің төрайымы, Аналар кеңесінің мүшесі. «Мүмкіндігі шектеулі балалар анасының қоғамдағы рөлі» - Аксакалова Лариса Михайловна – Жылыой ауданы орта мектебінің мұғалімі. Сондай-ақ тәжірибе алмасу бойынша  Жылыой аудандық, Аналар кеңесінің төрайымы,Мұнай саласының ардагері -Исайнова Мұстахима Малашқызы – Жылыой ауданының Аналар кеңесінің жұмысы туралы баяндады.

Жұмыс барысында Аналар кеңесі  өз ұсыныстарын  ортаға салып  талқылайды, одан әрі қайырымдылық акциясы өткізілді.

Аналар кеңесінің  кеңейтілген  отырысынан кейін  «Кең Жылыой  өрнектері»  атты  кәсіпкер  әйелдердің  қатысуымен  көрме болады.  Көрме  аяқталғаннан кейін  Құлсары  қаласы  бойынша  саяхат (экскурсия)  өтті.

 

Облыс әкімі аппарытын

«Қоғамдық келісім» КММ-нің

 баспасөз хатшысы

Кейін қарай