Қазақстан халқы Ассамблеясы

26 Тамыз, 2016

784

Аналар кеңесі «Ақ орамал» акциясын өткізді

Елімізде бір ай бойы «Ақ орамал» республикалық акциясы өткізілуде. Аталмыш іс-шара Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жария еткен «Әлем. XXI ғасыр» манифесін ілгерілету, сондай-ақ елімізде тұрақтылық пен бейбітшілікті, келісім мен төзімділікті нығайту мақсатында өткізіліп жатыр.

Елбасы өз Манифесінде: - «Адамзатты ажал сепкен соғыс қатерінен мүлде арылту үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасауымыз керек. Біз үшін қазір және таяу болашақта бұдан көкейкесті міндет жоқ...» - деді.

Осындай бастамамен бүгін Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің өкілдері облыстық Ішкі істер департаментінің емханасы қызметкерлерімен кездесті.

- Біздің еліміз көп ұлтты болғанымен, біз бейбітшілік пен келісім шаңырағы астында бір үлкен отбасына айналдық. Елбасымыздың жүргізіп отырған саясатының арқасында, біз бейбіт және тұрақты елде өмір сүріп жатырмыз. Ал бүгін «Ақ орамал» акциясы аясында тазалықтың, өзара құрмет көрсету және аманатқа адалдықтың белгісі ретінде ақ орамал табыстауға рұқсат етіңіздер, - деп «Булгар» Татар этномәдени бірлестігінің және Аналар кеңесінің төрайымы Бернеева Зульфия Идаятуллаевна «Ақ орамал» республикалық акциясын өткізуге бастама білдірген Қазақстан халқы Ассаблеясы туралы тереңірек түсіндірді.

Іс-шара барысында Көшбасшы әйелдер мектебінің басшысы Махамбетова Роза Қарымсаққызы  да сөз сөйлеп, жылы лебізін білдірді.

МОӘА «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

Кейін қарай