
15 Ақпан, 2016
854
Аналар кеңесі ұйымдастырған қайырымдылық акциясы
Қайырымдылық – бұл жақын адамға қол ұшын беру, бұл жан дүниенің ерекше күйі. Барлық қайырымдылық жасаушы адамдарды біріктіруші бір қасиет бар – бұл әр нәрсеге немқұрайлы қарамайтын адамдар, бұл адамдар әдемі сөздер үшін емес, жалпыадамдық қажеттілік үшін әрекетке баратындар.
12 ақпанда Павлодар облысы Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі мүгедек балалары бар, аз қамтамасыз етілген отбасыларға атаулы көмек көрсету мақсатында «Қайырымдылық керуені» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Акцияға «Қазақстан мұсылман әйелдері лигасы» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы, «Возрождение» облыстық немістер қоғамы» ҚБ, «Шешен-ингуш мәдени орталығы» ҚБ, «Қазақстан кәрістер қауымдастығы» ҚБ облыстық филиалы, «Славян мәдени орталығы» ҚБ, «Мерказ» Павлодар облыстық еврейлер этномәдени бірлестігі, «Буковина» румын мәдени орталығы» ҚБ, Павлодар облысының финно-угор этномәдени орталығы» ҚБ төрағалары мен төраға орынбасарлары, сондай-ақ облыстық ҚХА хатшылығының басшылығы қатысты.
Осы күні акция ұйымдастырушылар алты баланың отбасына көмек көрсетті, олардың көбі церебралды сал ауруына шалдыққандар және мүлдем қозғалмайды. 3 жасарлық Иманбаев Асланды және 8 жасарлық Куликова Кристинаны жалғызбасты аналар тәрбиелеуде. Балалардың көбінде кішкентай іні-бауырлары мен сіңлі-қарындастары бар, барлық отбасылар жатақханаларды жалдап өмір сүруде. Акция шеңберінде балалардың ата-аналарына азық-түлік берілді. 6 жасар Жұмагелді Алдиярға қақырықты жинақтауға арналған инголятор, 6 жасар Айтенова Дильназға – жылы күртеше, 3 жасар Верончихина Дианаға жаттығу жасау үшін велосипед; жас отбасыларға керекті, алғашқы қажетті заттар – киім жаюға арналған кептіргіштер, шәйнектер табыс етілді.
Осы күні отбасыларға 150 мың теңгеге жуық сомаға көмек көрсетілді. Сондай-ақ ұйымдастырушылар ойыншықтар дүкенінің директоры Разумова Елена Николаевнаға балаларға арналған ойыншықтарға жеңілдік көрсеткені үшін үлкен алғыс білдіреді.
«Мүмкін біздің көрсеткен көмегіміз – теңіздің бір тамшысы болар» - деп өз пікірлерімен бөлісті Аналар кеңесінің мүшелері Максилова Бақытжамал Шаханқызы және Николашина Ольга Леонидовна. «Бірақ «Қайырымдылық керуені» акциясы шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмыстар осымен тоқтатылмайды. Бүгінгі біздің сапарымыз, үлкен проблемамен жападан жалғыз қалған, үмітін үзген аналармен пікірлесуіміз олардың психологиялық жағдайына жақсы әсер етті деп есептеймін, мүмкін олардың кейбірі бірнеше ай ішінде біздерге алғаш рет күлімдеген болар» – деп Ольга Леонидовна өз сөзін жалғастырды.
Айтпаев Мақсат
Смағұлова Назыгүл
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
вчера, 12:15
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
вчера, 12:22
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті