
19 Сәуір, 2016
917
Аналар кеңесі жасөспірімдер тәрбиесіне алаңдайды
Бүгін Шымкент қалалық оқушылар мен жасөспірімдер сарайында Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің «Ана тәрбиесі – ұрпаққа аманат» тақырыбындағы форумы өтті.
Екі жүзден аса адам қатысқан форумда қазақстандық біртектілік пен жалпыұлттық бірлікті нығайту мен дамытудың іргетасы ретінде отбасылық құндылықтарды сақтап, нығайту жайы сараланды.
Басқосуда «Қазақстандық біртектілікті қалыптастырудағы Аналар кеңесінің рөлі», «Ана тәрбиесі – қоғам тәрбиесі», «Әйел денсаулығы – дені сау ұлт» сынды тақырыптар ортаға салынды.
Жиында жас отбасылар арасында ажырасудың көбейгендігіне алаңдаушылық білдірген облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Балхия Көмекбаева түйінді мәселені тарқатудың жолдарын да ұсынды. «Ажырасу – келешегімізге төнген қатерлі қауіп екенін ұғынатын уақыт жетті. Қазір жаһандану дәуірінде біз үшін таңсық ешнәрсе қалмады. «Жаһандану» деген сылтаумен өзгенің жақсысын да, жаманын да бірдей сіңірудеміз»,- дегенді айта келіп, «Бұл «дертке» бірлескен түрде, қоғам болып қарсы тұруымыз керек. Тұрмыс тауқыметін тартқан жас отбасыларға қолдау жасап, олардың жұмыспен қамтылуына үлес қосуымыз қажет. Қиналған жандарға психологиялық тұрғыда көмек берудің жай-жапсарын қарастырып, шаңырақты шайқалтпай сақтаудың жолдарын жүйелеуіміз қажет», - деді.
Одан әрі қоғамда өзектілігі жойылмай тұрған жасөспірімдердің ерте жүктілігі, әлеуметтік желілердің зияны секілді бірқатар мәселелерге тоқталып өтті. Тәрбиенің отбасындағы маңызы жөнінде облыстық кәріс этномәдени бірлестігі төрайымының орынбасары Елена Ким, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комисия хатшысы Гүлмира Боранбаева, Оңтүстік Қазақстан облысы Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Үрзада Айтөреева да өз ойларын ортаға салды.
Форум соңында қатысушылар облыс жұртшылығын «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы қазақстандық біртектілік идеяларын жүзеге асыруды, «Мәңгілік Ел» құндылықтарын жан-жақты насихаттауды отбасыда тәлім-тәрбиеден бастау жөнінде қоғамдағы отбасы институтын барынша бекемдеп, нығайтуға, бала тәрбиесіндегі ана рөлін дамытуға шақырған үндеу жолдады.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
вчера, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
вчера, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті