21 Қыркүйек, 2021
390
Аналар кеңесі жолдауды қолдайды
Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі Достық үйінің мәжіліс залында келелі кездесу өткізді. Ондағы мақсат – ҚР Президенті Қасымжомарт Тоқаевтың Жолдауын талқылау.
Жиынға «Қоғамдық келісім» КММ директорының міндетін атқарушы Фархат Әбдібағдатұлы, облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Қаламқас Каримова, облыстық ҚХА құрылымдарының жетекшілері, этномәдени бірлестіктің өкілдері, облыстық, қалалық, аудандық мәслихат депутаттары, Аналар кеңесінің белсенділері, аудандық аналар кеңесінің төрайымдары (онлайн байланыс арқылы) және БАҚ өкілдері қатысты.
Шара модераторы облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Рахима Ахметова болды. Алғы сөзді алған «Қоғамдық келісім» КММ директорының міндетін атқарушы Фархат Әбдібағдатұлы Президент Жолдауы нағыз уақыт рухын сезіндіргенін, бүгінгі күні әрқайсымызды толғандырған мәселелерін алдымызға алып шыққандығын айта отырып, Тәуелсіздік - тарих тоғыстырған, тағдыр табыстырған барша ұлт пен ұлыстың берік тұтастығы, Қазақстанның басты жетістіктерінің бірі екендігіне тоқталып өтті.
Шараның шымылдығы «Тәуелсіздік – ұлы құндылық» бейнеролигімен ашылды. Мұнан соң облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Қаламқас Каримова Жолдаудың негізгі басымдықтарына тоқталып өтті. «Ел экономикасын және ел басқаруды түбегейлі өзгерту – заман талабы» тақырыбында облыстық мәслихатының депутаты, облыстық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Манат Алмашева сөз сөйледі. Ал облыстық ҚХА төрағасының қоғамдық негіздегі орынбасары Ирина Шек «Участие Ассамблеи народа Казахстана в укреплении единства и согласия казахстанского общества» мәселесін айтып өтті. «Здоровье нации – главное богатство» бағыты бойынша облыстық онкоорталығының бөлім басшысы Виктория Юн және «Качественное образование – гарантия достойного будущего» жайында №198 Ж. Нұрманов атындағы орта мектептің директоры Анжела Садықбекова және «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздіктің нышаны» тақырыбында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің студенті, тіл жанашыры Пак Елена тұшымды ойларын ортаға салды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
28 Тамыз, 19:29
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
29 Тамыз, 19:37
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды