19 Шілде, 2021
1020
Аналар кеңесінің атқарған жұмысы аз емес
Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының Аналар кеңесі жас ұрпаққа өзіндік тәрбие, өнегелі жол көрсетіп келе жатқан бірегей кеңес. Аймақтық Аналар кеңесі әр жыл сайын түрлі іс-шара, қайырымдылық жұмыстардан кенжелеп қалған емес. Игілікті істің төрінен табылатын Аналар кеңесі 2021 жылдың ІІ тоқсанында 26 іс-шара өткізіп, оған 468 адам қамтыды. Аналар кеңесінің атқарған ауқымды істеріне кеңінен тоқталып өтейік.
Аймақтық ассамблеяның Аналар кеңесі Қазақстан халқының бірлігі, Рәміздер күніне, «Алуан түрлі қазақстандық этностарды рухани-мәдени танымал ету» мәдени-ағартушылық жобасы аясында ұйымдастырылған «Халықтық мерекелер» атты көрмеге, «Болашақ үшін естелік» саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай ұйымдастырылған шараларға белсене қатысты.
ҚХА Аналар кеңесі «Ізгілік айы» қайырымдылық марафоны аясында 100-ге тарта отбасына отбасыға 1млн-нан аса қаражатқа көп балалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына азық-түлік себеті, «ауыз ашар» қалтасы түрінде көмек көрсетті. Аналар кеңесі қайырымдылық шараларына Еуразиялық экономикалық одақ, «Сана сезім» әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы және Біріккен ұлттар ұйымының балалар қоры (ЮНИСЕФ) қатысып, қаламыздағы этнос балаларына 500 000 теңгеге оқу-құралдары, жеке гигиенелық заттарға толы күнделікті мектепке және спорттық киімге арналған қос сөмкелер таратты. Әлеуметтік осал топтағы отбасылар мен ардагер қарт кісілерге арналған «Мейірімді жүрек» шарасында 20 ардагерге және әлеуметтік жағдайы төмен 20 отбасыға азық-түлік жеткізуге, Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Төрткүл» керуен сарайында ыстық тағам, азық-түлік түрінде берілген ауызашарында 200-ден астам аз қамтылған көп балалы отбасыларына және қала тұрғындарына жеткізу қызметін үйлестірді. Әсіресе айлардың сұлтаны қасиетті рамазан айында Аналар кеңесі аналар мен балаларға, әлеуметтік жағдайы аз қамтылған, жағдайы төмен отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі бала асырап отырған аналарға көмек көрсетіп, қайырымды іс жасауда аса жоғары белсенділік танытты.
Сонымен қатар Аналар кеңесі «Қазақстан өңірлерін дамытудағы этнодемографиялық параметрлер», «Қазақстандағы этносаясаттың әлеуметтік өлшемдері» атты ZOOM форматында семинар-тренингтерге қатысты.
Жамбыл облысында этносаралық жағдайды зерделеуге арналған Президентіміз Қасым-Жомар Тоқаевтың тапсырмасымен, аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың «Бейбітшілік және келісім» пилоттық жобасы аясында Қордай ауданында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын бойынша көшпелі отырыстар өткізіп, дүнген, әзербайжан этнос өкілдері қыздары арасында ерте тұрмыс құру (37%, Сарыбұлақ, Ауқатты ауылы), жәрдемақы тағайындау, қандас әйелдердің азаматтық алу мәселесі, 3 ауысымдық мектеп мәселелері бойынша 14 мәселе көтеріліп, 5 мәселе жергілікті деңгейде шешімін тауып, 9 мәселе тиісті органдарға жолданды.
Облыстық аналар кеңесінің мүшесі Изъятова Роза республикалық аналар кеңесі отырысына қатысып, түрік этносы шоғырланған аймақтардағы аналар кеңесінің жұмыс тәжірибесімен бөлісіп қайтты.
Келешек ұрпаққа үлгі болып, жас жеткіншектерді тәрбиелеуде өзіндік мектебін қалыптастырған Аналар кеңесіның алдағы уақытта да атқарар ауқымды істері аз емес.
Жамбыл облысы әкімдігі
Ішкі саясат басқармасының
«Қоғамдық келісім» КММ
Баспасөз қызметі орталығы
Ұқсас жаңалықтар
-
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
-
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
5 Қыркүйек, 22:32
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
Ұқсас жаңалықтар
-
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
-
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті