Қазақстан халқы Ассамблеясы

09 Қазан, 2015

837

Аналар кеңесінің біріккен отырысы өтті

2015 жылғы 9 қазан күні Қызылжар ауданының «Нұр Отан» Партиясы филиалының залында облыстық және аудандық Аналар кеңесінің біріккен отырысы өтті. 

2015 жылғы 9 қазан күні Қызылжар ауданының «Нұр Отан» Партиясы филиалының залында облыстық және аудандық Аналар кеңесінің біріккен отырысы өтті.

Іс-шара барысында  бала тәрбиесіне қатысты, оларды қазіргі заманғы әлемде әлеуметтендіру, этносаралық келісімді нығайту, азаматтық бірегейлік туралы маңызды сұрақтар талқыланды.

Аналар кеңесінің отырысы Алмаз Акылбеков пен Бескөл мектеп-гимназиясы вокал тобының орындауындағы «Ана» әнінен бастау алды.

 

Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары М.М. Жұмабаеваның  өз сөзінде: «Аналар Кеңесінің Қазақстан халқы Ассамблеясының жанында құрылуы кездейсоқ емес, өйткені аналар жанұя институтын нығайту, жанұя құндылығын қадірлеу бойынша әр түрлі шараларды іске асыру, Қазақстан Республикасындағы ұлттық бірлікті және қоғамдық келісімді қамтамасыздандырудың басты бір механизімдерінің бірі болып табылады», - деді.

Аналар Кеңесі қосалқы институттың атқаратын қызметін орындайды, Қазақстанның халқының азаматтық және рухани-мәдениеттің бірегейлігін, толеранттылық, отансүйгіштік, қазақстандық тәрбие қалыптастыру бойынша жұмыстарды жүзеге асырады.

 

Солтүстік-Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Н.К. Салимов Аналар кеңесі қызметінің маңыздылығын белгілеп, бар мәселелерді түбегейлі талқылау мақсатында және басқа да өзекті шешім іздеп табуда отырыстарды ұдайы өткізу қажеттілігін атап айтты. Өйткені қазіргі кезде ана мен бала сұрақтары өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Кеңес отырысы барысында Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы К.К. Смаилова «Елімізде этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуда аналар Кеңесі» атты баяндамасымен, А. Партизан «Біздің үлкен отбасы негіздері дәстүрлер мен құндылықтар», Солтүстік Қазақстан облысының «Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы» КММ әдіскері И.И. Якимова «Баланы сәтті әлеуметтендірудегі ананың рөлі», Э.А. Рахимжанова «Менің көп ұлтты жанұям – бұл Қазақстан бірлігінің ұлтаралық лабораториясы» баяндамаларын оқыды.

 

Кеңес отырысы «Халықтар бірлігін нығайтуда Қазақстан халқы ассамблеясы Аналар кеңесінің міндеті туралы» тақырыбында панелді дискуссия түрінде өтті. Әрбір тақырып отырыс қатысушыларымен белсенді талқыланды. Сондай-ақ, тренигтерді ұйымдастырылды. Іс-шара соңында облыстық Аналар кеңесінің төрайымы К.К. Смаилова барлық қатысушыларға табыс тілеп, әрдайым осы мейірімділікті өз бойларында сақтап қалуға тырысу керектігін айтты. Себебі, әр әйел – ол, ең алдымен ана.

Кейін қарай