
19 Қазан, 2017
1422
АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ФОРУМЫ ӨТТІ
Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында білім мен бәсеке, прагматизм мен ұлттық бірегейлікті сақтау, ұлттық салт-дәстүріміз, тіліміз бен өнеріміз, әдебиетіміз сияқты ұлттық құндылықтарды бойымызға сіңіру керектігін айтып өткені мәлім. Ал осы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруда аналар мен отбасының алар орны қандай? Міне, осы мәселені ашып, талқылау мақсатында 2017 жылдың 18 қазанында Достық үйінде Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы Аналар кеңесінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудағы Аналар кеңесінің рөлі» атты форумы өтті.
Іс-шараны Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының бас маманы Ұлтуар Бабақұлова ресми түрде ашып берді. Модератор әрі өңірлік ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Мухабатхон Миражапова келесі сөз кезегін облыстық «Вынхуа» дүнгендер ассоциациясы Аналар кеңесінің төрайымы Сара Даузоваға берді. Ол өз баяндамасында «Ұлттық бірлікті нығайтуда Жамбыл облыстық Аналар кеңесінің міндеттерін» тілге тиек етті: «Берік отбасы – тұрақтылығымыздың кепілі. Ананың қаншалықты перзентін моральдық, рухани құндылықтарға баулуынан еліміздің болашағы айқындалады. Дана қазақ халқы айтқандай, «Ел болам десең, бесігіңді түзе». Бүгінде біз Ақсақалдар кеңесімен, имамдармен бірлесе отырып, отбасылық құндылықтар мен этникалық әдет-ғұрыпты қайта жаңғыртуды қолға алып жатырмыз. Осы жұмыстың нәтижесінде жастар арасында өзара сыйластық пен шынайы махаббат туындайды деген сенімдемін».
Ал «Әулие-Ата» қазақ мәдени орталығы аналар кеңесінің төрайымы Паиза Куненова «Мәңгілік елдің бесігі – ана жүрегінде» тақырыбында баяндама жасап, өз сөзін былай қорытындылады: «Біз, әйелдер қауымы, елімізде болып жатқан саяси мәселелерден тыс қала алмаймыз. Өйткені, қазақ елінің ертеңі – отбасымыздың, ұрпағымыздың болашағы. Менің білім жүйесіндегі тәжірибеден түйгенім; біз дамыған елдердің озық технологиясын меңгерейік, тілін де үйренейік, мәдениетінен де хабардар болайық, бірақ тәрбие ұлттық рухта болуы керек. Сонда ғана өз ұлттық құндылықтарымызды бағалайтын қасиетті ұлы мекеніміздің иесін, басқаның жылтырағанына қызықпайтын ұрпақ өсіреміз. Ол көбіне аналарға байланысты екені хақ».
Аналар кеңесінің форумына мектеп және жоғары оқу орын ұстаздары, оқушылар мен студенттер де қатысты. №18 орта мектептің директоры Ирина Баклагина форум барысында өз ойын ортаға салды. Оның айтуынша, отбасылық жағдайда психологиялық соққы алған балалар өз отбасын құрғанда қиындықтарға тап болып қана қоймай, түрлі дерттерге де бейім келеді. Бұл көбінесе балаға тиісті көңіл бөлмегендіктен туындайды, - дейді Ирина Геннадьевна. - Бала кезінде ата-анасы тарапынан жылулық пен махаббатты сезінбеген бала өзін артық, ешкімге қажеті жоқ екенін сезініп, үйден қашу немесе өз-өзіне қол жұмсауға дейін баруы мүмкін. Осы орайда, бүлдіршіннің ата-анасы ғана емес, мектептегі ұстаздары, сынып жетекшілері оның іс-әрекеті мен көңіл-күйіндегі кез келген ауытқушылыққа мән беріп, үлкен ахуалдың алдын алуы тиіс.
Сонымен қатар, Жамбыл облысы ҚХА Ғылыми-сараптамалық тобы жетекшісінің орынбасары Парида Мамедова «Рухани жаңғыру жағдайында балаларға патриоттық тәрбие берудегі отбасының рөлі» тақырыбында баяндама оқыса, өңірлік Ішкі істер департаментінің подполковнигі Ақмарал Жанисова «Тұрмыстағы құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары және жәбірленушілерді сауықтыру» мәселелері турасында тұшымды пікір айтып, аталған мәселені шешуге бағытталған бірқатар ұсыныстар жасады. Осыдан кейін, Аналар кеңесінің мүшелері Қазақстан халқы ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысында жасалған ұсынымдарды қарастырып, пікір алмасты.
Форум десе, бірден ойға марапаттау рәсімі келетіні жасырын емес. Аналар кеңесінің форумында да мүшелердің барлығына кеңестің жұмысына белсене атсалысып жүргені үшін алғыс хаттар, гүл шоқтары мен сыйлықтар табысталды. Олардың қатарында жамбылдық қолөнер шебері, «ЭКСПО-2017» көрмесінің аясында «Этно-fashion» фестиваліне қатысқан Гүлжазира Құдайбергенова да бар. Форум барысында шебердің «Этникалық авангард» стилінде және табиғи жібектен тоқылған коллекциясы қыз-келіншектер мен аналардың назарына ұсынылды. Іс-шара өңірлік этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдарының концертімен аяқталды.
Дата события ассамблеи: 19.10.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
24 Маусым, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
25 Маусым, 18:05
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
21 Маусым, 14:48
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
вчера, 16:01
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды