
27 Маусым, 2017
878
Аналар кеңесінің кеңейтілген мәжілісі
2017 жылы 26 маусым күні Атырау облысы Мақат ауданының Мәдениет үйінде «Жас ұрпақты ұлттық салт-дәстүр арқылы тәрбиелеудің рөлі» тақырыбында өткізілген Аналар кеңесінің кеңейтілген мәжілісінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айқындалған міндеттер талқыланды.
Мәжіліске облыстық Аналар кеңесінің мүшелері, аудандық Аналар кеңестерінің төрайымдары мен этномәдени бірлестіктердегі Аналар кеңестерінің төрайымдары мен мүшелері, мемлекеттік органдардың өкілдері, білім беру, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының өкілдері, облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері мен БАҚ қатысты.
Отырыс басында Мақат ауданының мектеп оқушылары мен мүмкіндігі шектеулі балалардың қолдан жасалған бұйымдарының шағын көрмесіне саяхат жүргізілді.
«Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Т.Аман-Турлина іс-шараны ашып, барша жиналған қонақтарды Ораза айт мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Мақат ауданының әкімі Б.Сәрсенғалиев мәжіліске қатысушыларды құттықтап, жиынды ашып берді.
Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айқындалған міндеттерді түсіндіру және насихаттау мақсатында Мақат ауданының әкімінің орынбасары Ж.Гумаров баяндама жасады.
«Ұлттық құндылықтардың бала тәрбиесіндегі рөлі» тақырыбында Н.Тілендиев атындағы кіші өнер академиясының директоры, Аналар кеңесінің мүшесі Д.Таскарина; «Халық педагогикасы – асыл қазына» тақырыбында педагогика саласының еңбек ардагері, аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы Д.Алтаева баяндама жасады. № 2 орта мектебінің директоры, Мақат ауданының Аналар кеңесінің төрайымы С. Телеубаева Мақат ауданының «Аналар кеңесінің жұмысы туралы» ақпаратты қатысушыларға жеткізді.
Жұмыс барысында Аналар кеңесі ұсыныстар әзірлеп, қайырымдылық акциясын өткізіп, мәжіліс соңында "Құрсақ тойы" атты театрландырылған қойылым көрсетілді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
5 Қыркүйек, 22:32
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
Ұқсас жаңалықтар
-
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды