10 Қараша, 2017
995
Аналар кеңесінің кеңейтілген мәжілісі өтті
2017 жылдың 9 қарашасы күні Исатай ауданы Аққыстау ауылының «Жалын» мәдениет үйінде Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Алтын шаңырақ» Аналар кеңесінің «Ұлы даланың – ұлы тұлғалары» және «Әйелдердің радикалдануының алдын алу» тақырыбында кеңейтілген мәжілісі өтті.
Кеңейтілген мәжілісте «Аналар кеңесі мәңгілік ел тірегі» тақырыбында көрме ұйымдастырылып, Аққыстау халық театрының «Мақтанышым Мақтым ана» тақырыбында көрінісінің үзіндісі тамашаланды.
Модератор: Аман-Турлина Тамара Өтегенқызы – Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы.
Аталған жиынға облыстық Аналар кеңесінің мүшелері, аудандық Аналар кеңестерінің төрайымдары мен этномәдени бірлестіктердегі Аналар кеңестерінің төрайымдары мен мүшелері, облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық - демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері, дін істері басқармасы, БАҚ өкілдері қатысты.
Жиынның құттықтау сөзі аудан әкімі М.Б.Мурзиевке беріліп, Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айқындалған міндеттемелер түсіндірілді.
Жиын барысында: «Ұлы даланың – ұлы тұлғалары» тақырыбында аудандық аналар кеңесінің мүшесі, Аққыстау орта мектебі директорының бастауыш сыныптар бойынша орынбасары Мутьянова Лиза Төлегенқызы және «Әйелдер арасында радикалды идеологияның алдын алу бағытында жұмыс жүргізу мәселелері» тақырыбында «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының психологы Нұрбекова Салтанат Темірғалықызының баяндамалары тыңдалды.
Сондай-ақ, Исатай ауданының Аналар кеңесінің жұмысы туралы аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Берікқалиева Сағираш Мұхатқызы қысқаша ақпарат берді.
Жиынның соңында ауданның жеке кәсіпкерлері аз қамтылған және мүмкіндігі шектеулі 7 отбасына ақшалай көмек ұсынды.
Мәжілістің салтанатты бөлімі концерттік бағдарламамен аяқталды.
Дата события ассамблеи: 10.11.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті
-
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
15 Тамыз, 17:43
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
15 Тамыз, 18:34
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
20 Тамыз, 18:23