03 Маусым, 2016
898
Аналар кеңесінің кездесуі
Көкшетау қаласының №1 құрылыс-техникалық колледжіндегі Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен ашылған кәсіби орталықта Ақмола облысы бойынша Аналар кеңесі тігінші мамандығына оқып жатқан студенттермен кездесті. Оған агротехникалық, сервистік-техникалық және құрылыс-техникалық коллледждерінің студент қыздары қатысты. Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы Аналар кеңесінің мүшелері мамандық таңдау, кәсіптік білім алу тақырыбында әңгіме жүргізді.
Кездесуге қатысқан белгілі кәсіпкер Алма Дүйсенбайқызы жетістікке жету жолымен бөлісті. «Бүгінде мемлекетіміз шағын және орта бизнесті қолдауда. Жұмыс істеймін, еңбек етемін деген жастарға барлық мүмкіндіктер жасалған. Бір орында тоқтап қалмай, өздеріңді жетілдіруге тырысыңдар, көп оқыңдар, білім алыңдар»,- деп кеңес берді. Ал Аналар Кеңесінің төрайымы Зере Қиықова болса, Елбасының бастамасы бойынша 2017 жылдан бастап кәсіптік білім алу елімізде тегін болатындығын айта отырып, қыз тәрбиесі жөнінде ақыл-кеңесімен бөлісті. Сонымен қатар чуваш тілінің мұғалімі Елена Тарасова қолөнер шеберлігінен қыздарға арнап шеберлік сабағын өткізді.
Ал студентттер өз кезегінде тағылымды, пайдалы кездесу үшін Аналар кеңесіне алғыстарын айтты.
«Қоғамдық келісім»
мекемесінің баспасөз оратлығы
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды