Қазақстан халқы Ассамблеясы

22 Ақпан, 2017

846

Аналар кеңесінің облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы активімен бірлескен отырысы

22 ақпанда Қызылорда қаласындағы Достық үйінің мәжіліс залында  облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы активімен  Аналар кеңесінің Елбасының билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлі мәселелері жөніндегі үндеуі  мен «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын талқылап, насихаттауға арналған отырысы өтті.

Актив отырысын «Қоғамдық келісім» КММ директоры Уалихан Ибраев жүргізді. Іс-шараға Қорқыт Ата атындағы ҚМУ профессоры, тарих  ғылымдарының кандидаты, «Ақ босаға» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Меруерт Аңсатова, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ доценті, заң ғылымдарының кандидаты, кәсіби медиатор Жанна Исаева, «Cлавяне» қоғамдық мәдени орталығы»  бірлестігінің төрайымы  Галина Щербакова, «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылының директоры, облыстық Аналар кеңесінің мүшесі Лиза Скакова, Сырдария ауданы А.Тоқмағамбетов ауылдық округінің Аналар кеңесінің төрайымы Злиха Сыздықова қатысты.

«Үндеуде ұсынылып отырған саяси өзгерістер болашағымызды тұғырлы, елдігімізді берік ететіні сөзсіз. Бұл  тәуелсіз мемлекетіміздің демократиялық бағытта өсіп-өркендеп келе жатқандығының көрінісі. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы күшті президенттік вертикаль бізге мемлекетті қалыптастыруда кездескен қиындықтарды еңсеру үшін қажет болды. Осының нәтижесінде қазіргі таңда көп жетістіктерге қол жеткізілді. Ұлт көшбасшысы осы жетістікпен тоқтап қалмай, саяси жүйені одан ары демократияландыру қадамын жасап отыр. Мұның өзі мемлекетті басқару жүйесінің тиімділігін барынша арттырып, еліміздің әлем алдындағы беделін бұрынғыдан да жоғарылата түсетіндігі сөзсіз. Қазақстандықтар  бұл өзгерістерді ел дамуындағы елеулі кезең ретінде бағалап отыр. Сонымен қатар, шетелдік сарапшылар да Президент бастамасының тек  еліміз үшін ғана емес, аймақтық саясатта да маңызды екендігін атап көрсетуде», - деді өз сөзінде  «Қоғамдық келісім» КММ  директоры.

Жиынға қатысушылар Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының негізгі бағыттары туралы айтып, ауқымды тапсырмаларды жүзеге асыру жолдары мен стратегиялық құжаттың негізгі басымдылықтарына тоқталды.

Сондай-ақ, мемлекет басшысының азық-түлік тауарларын экспорттауды ұлғайту, «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы мен жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын тиімді жүзеге асырып, үлкен қалалар мен оларға жақын орналасқан елді мекендер арасындағы көлік қатынасын, мемлекеттік жеке серіктестікті, білім сапасын жақсартып, үштілділікті дамыту, адами капитал сапасын жақсарту және т.б. мәселелерге байланысты өз ой пікірлерін ортаға салды. 

Кейін қарай