18 Қаңтар, 2023
399
Аналар кеңесінің құрамы кеңейтілді
Қызылорда облысы Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Алмасбек Есмахановтың төрағалығымен Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.
Іс-шараға облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Қаламқас Каримова, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы Аналар кеңесінің мүшелері, этномәдени бірлестік басшылары, көшбасшы әйелдер мен белсенді азаматшалар қатысты.
Басқарма басшысының орынбасары А.Есмаханов алғы сөзінде Аналар кеңесінің атқарған жүйелі жұмыстарына тоқталып, кеңестің ұлттық құндылықтарды жаңғыртуда өзіндік мектепке айналғандығын атап өтті.
Күн тәртібінде облыстық Аналар кеңесінің жаңа төрайымы сайланып, ротациялық тәртіп негізінде құрамы қайта қаралды. Сондай-ақ, 2023 жылдың жұмыс жоспары талқыланып, негізгі басымдықтары белгіленді.
2020 жылдан бастап кеңес төрайымы қызметін атқарып келген Рахима Ахметова өз өтініші бойынша орнынан босатылып, облыстық ҚХА Аналар кеңесінің төрайымына Нұрсәуле Мусаеваның кандидатурасы мақұлданды.
Отырыс аясында кеңес мүшелері отбасылық құндылықтар мен бала тәрбиесін насихаттау жұмыстарында облыстық Аналар кеңесінің жұмысын жүйелеп, республикалық «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасын жүзеге асыруда облыстың алдыңғы қатардан көрінуіне тынбай еңбек еткен Рахима Қаржаубайқызына шынайы ризашылықтарын білдіре отырып, жаңа төрайымға сәттілік тіледі.
Күн тәртібіндегі екінші мәселеде ротациялық тәртіп бойынша Аналар кеңесінің құрамы кеңейтіліп, әртүрлі сала бойынша өңірдің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген 13 нәзік жандылар қосылды. Сондай-ақ, денсаулық, рухани, білім, мәдениет пен спорт бағыттары бойынша жауаптылар бекітілді.
Іс-шара соңында басқарма басшысының орынбасары А.Есмаханов кеңес мүшелеріне отбасы құндылықтарын нығайту жолында тың шығармашылық идеялардың көп болуына тілектестік білдірді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің республикалық форумы өтті
-
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
10 Қыркүйек, 17:29
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
8 Қыркүйек, 11:32
«Бірлік» халықаралық жастар лагерінің соңғы күні
9 Қыркүйек, 09:14
Алматы облысы Ұйғыр ауданында аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды
11 Қыркүйек, 22:01
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
11 Қыркүйек, 21:51
Марат Әзілханов Ұлттық «Тоғызқұмалақ» федерациясының вице-президенті Б. Оспановпен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің республикалық форумы өтті
-
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті