Қазақстан халқы Ассамблеясы

04 Ақпан, 2021

526

«ANK live» студиясында «Медиация институтын дамытудағы ҚХА рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен елордадағы Достық үйінің «ANK live» студиясында дөңгелек үстел өтті.

Жиынға ҚР АҚДМ «Қоғамдық келісім» РММ қызметкерлері, Нұр-Сұлтан қаласы аудандары әкімдіктерінің қызметкерлері, елордамыздағы этномәдени бірлестіктер мүшелері, кәсіби және қоғамдық медиаторлар, Аналар кеңесінің мүшелері, Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы жастар қанатының өкілдері қатысты.

Дөңгелек отырысына қатысты қамтылған тақырыптарға сәйкес, Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы – Нұр-Сұлтан қаласы Ішкі саясат басқармасының этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлімнің бас маманы Г.Кобзева, «Әлеуметтік әріптестік және медиация орталығы» жеке мекемесінің басшысы, кәсіби медиатор Ш. Оразбаева, ҚР АҚДМ «Қоғамдық келісім» РММ ҚХА жобалармен және құрылымдармен жұмыс басқармасының басшысы Т.Италиева, Нұр-Сұлтан қаласы Алматы аудандық сотының судьясы, кәсіби медиатор А.Молдыбаева, «КАМЕДА» қоғамдық қорының кәсіби медиаторы, заңгер Ж.Станкулова, «Татуласу орталығы» медиация орталығының директоры Ә.Молдагалиева және Нұр-Сұлтан қаласы өзбек этномәдени орталығының төрағасы Ш.Пулатов маңызды деректерді мәлімдеді.

Жиын маңызын жан-жақты ашып көрсеткен Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы – Нұр-Сұлтан қаласы Ішкі саясат басқармасының этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлімнің бас маманы Г.Кобзева Қазақстан Республикасының медиациясына 10 жыл толғанын атап өтті. Одан әрі ол елордамызда медиацияға қатысты атқарылған істерге тоқталды. Соның бастылары Нұр-Сұлтан қаласындағы 22 орта мектепте «Мектеп медиациясы» жобасы жүзеге асырылған. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ медиацияға қатысты мемлекеттік органдармен және іргелі құрылымдармен 9 меморандум бекітіп, ол бойынша нәтижелі жұмыс жүргізілуде.

Нұр-Сұлтан қаласы Алматы аудандық сотының судьясы, кәсіби медиатор А. Молдыбаева дау-жанжалдарды шешуге байланысты медиация өзінің іс жүзінде тиімділігін көрсетіп келе жатқандығын мәлімдеді. Судья сөз орайында отбасы медиациясына кең тоқталып өтіп, ата-ана жауапкерщілігі әрдайым басты орын алатындығын жеткізді. Отбасы – әр адам үшін ең жақын әлеуметтік ортасы, қоғамның маңызды бір бөлшегі.

- Отбасы бала үшін өмір мектебі, онда алғаш рет қарым-қатынас түрлеріне үйренеді, қоршаған ортамен танысады, мінез-құлық нормаларын меңгереді, адамгершілік қасиеттері қалыптасады және дамиды. Сондықтан да келер ұрпақты тәрбиелей отырып, оларды өмір жолында кездесетін қиыншылықтарға қарсы тұра білуге үйрете білуіміз тиіс. Отбасында орныққан қарым-қатынас түрі мен қалыптарына сәйкес баланың тұлғалық қасиеттері қаланады, - деді ол.

Жалпы айтқанда, жиында медиацияның дамуына елімізде жан-жақты мүмкіндік жасалып отырғандығы әңгіме өзегіне арқау болды. Оның дауласушы тараптырдың бітімге келуіне айрықша ықпалы барына, тең құқықтың сақталатындығына басымдық берілді.


Кейін қарай