01 Наурыз, 2016
941
Анна Германның сыңғырлаған үні
14 ақпанда миллиондаған тыңдарманның сүйікті әншісі Анна Герман 80-жасқа толар еді. Оның өмірден өткеніне 30-жыл болсада, сыңғырлаған таңғажайып дауысы әлі күнге дейін еш ұмытылмай, Ресей, Германия, Польша, Украина, Беларуссия, Қазақстан тыңдармандарының жадында мәңгіге сақталған.
Жамбыл облысының қалалық мәдениет үйінде «Радонеж» орыс қауымдастығының, неміс қоғамы және «Полонез» поляк этномәдени бірлестіктері бастамаларымен ұлы әнші Анна Германды еске алу мақсатында үлкен концерт болып өтті. Орыс қауымдастығының төрайымы С.Чаутина бұл концертті өткізуге мұрындық болған жайттарды ерекше атап өтті. Әнші Анна Германның репертуарындағы 400-әннің 100-орыс тілінде орындалыпты. Анна Герман гастрольдік сапарларының басым бөлігін Ресейде өткізіп, Москвада тұрды, ал орта Азия Республикаларына гастрольдік сапарларға жиі шығып отырды. Польшаға өтуге рұқсат бергенге дейін 1943-1946 жылдары Жамбыл қаласында анасымен тұрып, мектепке барды. Ал 1979-жылы Жамбылда керемет концерт берді. Осы жерге оның мемориалдық тақтасы орнатылды.Осы жылдан бастап неміс қоғамы және поляк этномәдени орталығымен бірлесіп Анна Германды еске алу мақсатында ақпан айында концерт беруді дәстүрге айналдырдық, - деді С.Чаутина
Жергілікті орындаушылар Л.Навичкова, О.Дьяченко, В.Шапиро, Анна Германның «Когда цветут сады», «Ты спеши», «Письмо солдату», «Надежда», «Город любви», «Сумерки» атты белгілі әндерін орындады.
Жамбыл облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ
Баспасөз -қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты