22 Желтоқсан, 2015
693
Қарағанды қаласында жаңа ғылыми еңбек көпшілікке жол тартты
22 желтоқсанда Қарағанды мемлекеттік медицина университеті, ғылыми кеңес залында Құдайберген Темірғалиевтің «Проблема культурной идентичности в процессе общественно-исторических трансформаций» атты монографиясының тұсаукесері болып өтті. Іс-шара облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының ұйымдастыруымен өткізіліп, ғылыми-сараптамалық топтың Ассамблея жылына арналған іс-шараларын қорытындылады.

Философия ғылымдарының кандидаты Қ. Темірғалиев өз монографиясында, еліміз тәуелсіздігін жариялаған алғашқы жылдарға талдау жасап, замануи үрдістердің үстем боп тұрған кезеңінде қазақ халқының біртектілікке бет бұруының себептерін түсіндіруге тырысқан.
Автор әсіресе мәдени біртектіліктің қазақстандық үлгісін баяндауға, еліміздегі этносаралық қарым-қатынас пен конфессияаралық келісімді нығайтуға ерекше назар аударған. Ұлттық идеяны жүзеге асыру, өркениеттер тоғысқан заманда мәдени біртектілікті сақтап қалудың амал-тәсілдерін де қарастырған.
Ғылыми туындыны талқылауға облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы – Ерлан Құсайын, облыстық ҚХА басшысының орынбасары, «Вайнах» этномәдени бірлестігінің жетекшісі – Увайс Джанаев, «Казачья вольница» этномәдени орталығының төрағасы – Семен Раков, Т.Шевченко атындағы «Рідне слово» украин тілі қоғамының өкілдері, облыстық ҚХА ғылыми-сараптамалық тобы мүшелері, Қарағанды жоғары оқу орындарының ғалымдары мен студенттері қатысты.
Е. Құсайын қатысушыларға арналған сөзінде:
- Тәуелсіздік алған 24 жылдың ішінде Қазақстан жан-жақты дамып, әлем қауымдастығы тарапынан үлкен қолдау тапты. Қазақстан халқы Ассамблеясы тұрақтылық пен келісімнің символына айналып, бұл жолда зор істерді атқарып келеді. Тұрақтылық қамтамасыз етілген елімізде, жастардың білімге деген құштарлығы күннен-күнге артып келеді. Білім мен ғылым арқылы еліміздегі басты байлық – бейбітшілікті баянды ете аламыз, - деп ерекше атап өтті.
Облыстық ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының жетекшісі, Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі проректоры – Вилен Молотов-Лучанский ғылыми кітапты көпшілікке таныстырып, іс-шараның модераторы болды.
Ғылыми еңбек жас ғалымдар мен тәлімгерлердің арасында пікірсайыс туғызып, этномәдени бірлестіктер жетекшілерінің оң бағасын алды.
Монографияны талдау қорытындысында, қатысушылар ғылыми шығарманы қоғамдық келісімнің ұйытқысы болып отырған облыстық ҚХА, мемлекеттік этносаясатты іске асырып отырған мемлекеттік мекемелер мен мәдениетті дамытуға атсалысып жүрген қоғамдық бірлестіктердің қызметінде пайдалануға ұсыныс жасалды.
Қарағанды облысы әкімі аппаратының
"Қоғамдық келісім" КММ баспасөз қызметі
тел., WhatsApp: +77024190203
e-mail: kelisim_krg@bk.ru
Ұқсас жаңалықтар
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
вчера, 11:56
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
7 Тамыз, 22:49
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
7 Тамыз, 12:15
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті