30 Қаңтар, 2019
1478
Қарағанды өңіріне белгілі меценат ҚарМУ студентіне ірі көлемде шәкіртақы тағайындады, ал Өскеменде Жастар жылы бастау алды
Қарағанды облысы Қазақстан халқы ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты, білім меценаты Бекзат Алтынбеков «Жастар жылына» орай өткен «Сарыарқа жастары» форумы аясында Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ тарих факультетінің студенті Үміт Қосманға үздік оқу үлгерімі және қоғамдық жұмыстарға белсене араласқаны үшін өз атынан арнайы шәкіртақы тағайындады. Бұл шәкіртақы Үмітке жыл сайын төленетін болады.
Өзінің құттықтау сөзінде Бекзат Алтынбеков, «Елбасымыз қай елдің де жарқын болашағы - жан-жақты, білімді, ұшқыр ойлы, талантты жастар. Жастарды қай салада болса да қолдап, түрлі жұмыстар атқару керектігін айтқан болатын. Алдарыңызда үлкен мүмкіндіктер әрі міндеттер тұр. Жанамын деген жүрекке от беретін, жасаймын деп талпынғанға қолдау көрсететін уақыт бұл. Шын жүректен сіздерді құттықтаймын»,- деді.
Айта кету керек, белгілі меценат, «Жомарт жан» төсбелгісінің иегері мұндай шәкіртақыны алғаш рет тағайындауы емес. Болашағынан үміт күттірер үздік оқушыларға әрдайым қолдау көрсетіп тұрады. Болашақ тарихшы Үміт болса, сенім мен қолдау үшін алғыс білдірді.
Ал 29 қаңтарда Өскемендегі Жекпе-жек сарайында Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жастар акциясында Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар құттықтау сөз сөйледі. Іс-шараға сонымен қатар Қазақстанның танымал тұлғалары - Ольга Рыпакова, Қанат Ислам, Кристина Аникинова және Қалқаман Сарин қатысты.
Көрермендер алдында «X Factor» телевизиялық жобасының жеңімпазы Евгений Выблов, «Ты супер» тележобасының финалисі Владислав Лоскутов, «Инкорро» вокалдық тобы және Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік филармониясының «Made in KZ» атты кавер тобы өнер көрсетті.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
26 Тамыз, 17:00
«Мектепке жол»: мың баланың қуанышы
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды