
02 Наурыз, 2016
1001
Қарағанды Ішкі істер департаменті Алғыс айту күнін атап өтті.
Қарағанды облысында Ішкі істер департаментінде биыл алғаш аталып өтетін «Алғыс айту күні» аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Еске сала кетсек, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен мерекелер қатары «Алғыс айту күнімен» толықты. Ол саяси қуғын-сүргін, жаппай жер аудару кездерінде өз құшағына қаншама ұлт өкілдерін сиғызған қазақ халқына деген зор құрметті білдіру мақсатында белгіленген мереке. Аталмыш мерекенің Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнмен тұспа-тұс келуі де кездейсоқтық емес.
Дөңгелек үстел отырысын Қарағанды облысы ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ардақ Ынтықбаев ашып, өз сөзінде Алғыс айту күні еліміздегі бейбітшілік пен келісімді дәріптеу мен нығайтуда теңдессіз дәстүр болып қалыптасуына әрбір қазақстандық атсалысуы керек екендігін баса айтып, Қарағанды облысының ішкі істер органдарында 30-дан астам басқа ұлт өкілдері қызмет ететіндігін атап өтті. Облыстық ҚХА Хатшылығының басшысы Ерлан Құсайын Қазақстан халқы Ассамблеясы ұлттар мен ұлыс өкілдерін бір шаңырақ астына біріктіріп, еліміздегі бірліктің баянды, татулықтың тұғырлы болуына барлық мүмкіншіліктерді жасап жатқандығын айтып кетті.
Қарағанды облыстық ҚХА төрағасының орынбасары, «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің жетекшісі Увайс Джанаев шешен халқының Қазақстанға күштеп қоныс аудару жылдарындағы қайғылы оқиғаларды баяндай келе: «Депортация жылдарында қазақ халқы аш-жалаңаш қалған жетімдерді бауырына басып, өз баласынан кем қылмай тәрбиеледі, аяғынан тұрғызды. Мысал болатын мұндай өмірлік оқиғалар өте көп. Қазақтардың қонақжайлылығын білеміз, көңілдері дархан даласындай кең болғандықтан, қуғыннан қашқан барлық халық сыйдық. Сондықтан да қазақ халқын ерекше құрметтейміз. Осындай киелі жерге тұрақтауымыз біз үшін де үлкен қуаныш», - деп аяқтады өз сөзін У. Джанаев.
Этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін дамытуда облыстық ҚХА ғылыми-сараптамалық тобы үлкен жұмыс атқаруда. Аталмыш іс-шараға шақырылған ғылыми-сараптамалық топ мүшесі Надежда Ломанның отбасы да өткен ғасырдың басында Белоруссиядан жер аударылып келген. Ол әжесі, әкесі мен анасының сұрапыл жылдарда көрген қиыншылықтары мен бастан шеккен қасіреттерін тебірене еске алды.
Октябрь полиция бөлімінің криминалистік бөлімшесінің бастығы Арзу Велиев келген қонақтар мен әріптестерін айрықша таңғалдырды. Ұлты әзірбайжан құқық қорғау қызметкері өз сөзін қазақ тілінде сөйледі. Арзу Велиев әзірбайжан халқының жер аударылып келгендегі қазақ халқының көрсеткен қолдауына ерекше тоқталып, қазіргі кезде облыстағы әзірбайжан этномәдени бірлестігі қызметінің қанат жаюына басты қолдау - Елбасының сарабдал саясаты деп айтып өтті.
Кездесу соңында ақын Болат Окуджаваның достықта өмір сүру жайындағы өлең шумақтары оқылып, барлық ұлт өкілдерінің атынан ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдіріліп, Қазақстан халқының бірлігі жарассын деген лебіздер айтылды.
Қарағанды облысы әкімі аппаратының
"Қоғамдық келісім" КММ баспасөз қызметі
тел., WhatsApp: +77024190203
e-mail: info@kelisim.kz
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
25 Шілде, 21:04
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
вчера, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті