Қазақстан халқы Ассамблеясы

30 Тамыз, 2015

1051

ҚАРАҒАНДЫ КЕНШІЛЕР КҮНІН АТАП ӨТТІ

Бұл жылы Кеншілер күні Қазақстан Конституциясының 20 жылдық мерейтойымен бірге келді. Қарағандылықтар қос мерекені қатар тойлады. Түрлі іс-шараларға толы болған мерекелік бағдарлама тұрғындар мен қала қонақтарына нағыз мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Бұл жылы Кеншілер күні Қазақстан Конституциясының 20 жылдық мерейтойымен бірге келді. Қарағандылықтар қос мерекені қатар тойлады. Түрлі іс-шараларға толы болған мерекелік бағдарлама тұрғындар мен қала қонақтарына нағыз мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Атаулы мейрамдардың құрметіне ұйымдастырылған концертте «Жұлдызды дуэт» музыкалық жобасының жеңімпаздары да өнерлерін көрсетті. Қ. Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігі ұйымдастырған төрт кезеңді музыкалық шоу қатысушылардың арасынан таланты таңқалдырған жеңімпаздарды анықтаған болатын.

16 мен 45 жас аралығындағы эстрадалық вокал өнерінің өкілдері және жеке орындаушылар мен ансамбльдер байқауда өз өнерлерін көрсетті.

Бірінші кезең Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналып, еліміздегі түрлі этностардың әні шырқалған болатын. Одан іріктеліп шыққан байқауға қатысушылар, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған екінші кезеңде әскери әндерді орындады. Үшінші кезең – Қазақ хандығының 550 жылдығына арналды. Онда қазақ ұлттық әндері мен қазақстандық композиторлардың әндері орындалды. Жобаның финалдық ақтық сынында жоба жеңімпаздары анықталып, марапатталды. Бірнеше қатысушылардың ішінен топ жарып, бас жүлдені «Казачья вольница» облыстық казактар бірлестігінің мүшелері Кулишевич Михаил және Маловик Владимир жеңіп алды. Жүлдегерлер арасында румын мәдени қоғамының «Dorule» дуэті де бар.

Аталмыш музыкалық шоуда жүлделі орынға ие болған өнерпаздар Шахтинск қаласында өткен Кеншілер күніне арналған мерекелік концертте қазақстандық эстрада жұлдыздарымен бірге дуэтте ән айтуға мүмкіндік алды. Осы кешке арнайы шақырылған «DschinghisKhan» неміс музыкалық тобымен бас жүлде иегерлері – Кулишевич Михаил және Маловик Владимир бірге ән шырқады.

Қазылар құрамында белгілі қоғам қайраткерлері мен әртістер, режиссерлар, вокал мен хореография педагогтары болды.

Музыкалық шоуға жергілікті ақпарат құралдары толық қолдау көрсетті.

Қарағанды облысы әкімдігінің

"Қоғамдық келісім" КММ баспасөз қызметі

тел., WhatsApp: +77024190203

e-mail: kelisim_krg@bk.ru

Кейін қарай