28 Ақпан, 2020
2018
Қарағанды: ҚХА Алғыс айту күні қарсаңында жалғызбасты мүгедек анаға пәтер кілтін табыстады
Қарағандыда Достық үйінде өткен Алғыс айту күні мейірімділікпен басталды.
Маңызды шарада облыстық Ассамблея төрағасының орынбасары Бекзат Алтынбеков жезқазғандық жалғызбасты мүгедек ана Арайлым Алдамқұловаға пәтер кілтін табыстаса, облыстық ҚХА Қайырымгерлер клубының өкілі Александр Кику былғары қолғап шебері, спортшы Абылайхан Жүсіповтің жас отбасына баспана, этномәдени бірлестік өкілдерінің атынан Увайс Джанаев балалар ауылының тәрбиеленушісі Елизавета Седышеваға қазақтың қасиетті қобызын сыйлады.
«Әр жер аударылған отбасының сол бір зұлмат жылдардан айтары бар. Үлкендеріміз бізге бір үзім нанның қадірі мен татулықтың, мейірімділіктің мәнін ылғи айтып отыратын. Біз мұны жадымыздан әсте шығармаймыз. Қазақ еліне мың алғыс айта отырып, мемлекетіміз биік мұраттарына жете берсін деймін. Ал кейінгі толқын жастар бейбітшілк пен келісімді көздің қарашығындай сақтасын дейміз. Бүгін тек алғыс айтып қоймай, қайырымды һәм игі істер жасалуда. Бек қуаныштымызй,- деді У. Джанаев.
Бұл күні қазыналы қарттар да ерекше құрметке ие болып, сый-сияпатқа бөленді. Суретші, Достық үйі шығармашылық орталығының жетекшісі Евгения Шульцтің киізден жасалған жұмыстары жиналғандарды тәнті етті. Мерекеде әлбетте, Абайдың әні де шырқалды.
«Құрметті қарағандылықтар! Біз бүгін баршамызға ортақ және жарқын мереке – Елбасымыздың бастамасымен дүниеге келген Алғыс айту күнін атап өтіп отырмыз. Бұл күн – тағдыр тәлкегімен қуғынға ұшырап, Қазақстанға қоныс аударған этностардың қазақ еліне ризашылығы мен бір-біріне деген риясыз құрметін білдіретін мәні терең күн.
Біздің халқымыз небір қиын-қыстау уақытты басынан өткізді. Алайда, тілі басқа, діні бөлек жер аударылып келген көптеген халықтарға қамқор бола білді. Өзегінен теппей, басын өз шаңырағының астына біріктіріп, олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді. Қиын-қыстау уақытта бір тілім нанымен бөлісіп, сүйеу болған қазағымыздың жерінде сол достық, сол келісім мен бейбітшілік сақталып, әлімсақтан кеңпейілділік пен мейірбандықты жанына серік еткен ұлы бабаларымыздың дәстүрі күні бүгінге дейін үзілмей келеді», - деді аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
-
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ассамблея жастары» төрағасы Т. Джумурбаевпен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті
-
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
28 Тамыз, 19:29
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті