Қазақстан халқы Ассамблеясы

25 Желтоқсан, 2020

1626

Қарағанды облыстық ҚХА биылғы жылы 912 млн. теңгеге қайырымдылық жасады

Бұл туралы Қарағандыда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Бекзат Алтынбековтың басшылығымен кеңестің онлайн кездесуде айтылды.

Отырыс барысында этносаралық келісім, Қарағанды облысы ҚХА Қоғамдық келісім кеңестерінің қызметі, Теміртау, Саран қалалары және Қарқаралы ауданы кеңесінің жұмысы ортаға салынды.

Осы жылы Қоғамдық келісім кеңесінің мұрындық болуымен 200-ден астам өзекті де күрмеулі сұрақтар мен мәселелер шешілді. Оның ішінде 912 млн. теңгеден астам сомаға қайырымдылық жасалды. Көп балалы және аз қамтылған отбасыларға 122 млн. тг., ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне және қарттарға 11 млн. тг., ауыл-шаруашылығы мен абаттандыру жұмыстарына, су тарту, газ орнату, жол жөндеуге 404 млн. тг, мүмкіндігі шектеулі жандарға «кедергісіз орта құру» бойынша жұмыстарға 14 млн тг., түрлі науқас адамдарға медициналық көмек көрсетуге 285 млн. тг. және басқа да жұмыстарға 9 млн. тг. астам көлемінде қаражат жұмсалды.

Бүгінде Қоғамдық келісім кеңестері мен Ішкі істер органдарының бірлескен іс-шаралар жоспарының негізінде ауқымды жұмыс жүргізіліп келеді.

Айта кетейік, облыс бойынша әртүрлі деңгейдегі 216 Қоғамдық келісім кеңесі жұмыс атқарады, оның ішінде: облыстық - 1, қалалық - 8, аудандық - 1, ауылдық - 194, кәсіпорындарда - 4.

Кеңес құрамында мемлекеттік органдар, «Nur Otan» партиясы, дін өкілдері, ҮЕҰ, ардагерлер кеңесі, кәсіподақтар, этномәдени бірлестіктер, Аналар кеңесі, Ғылыми-сараптамалық топ, Журналистер мен сарапшылар клубы өкілдері мен медиаторлар бар. Жалпы 1 558 адамды құрайды.

Кейін қарай