04 Тамыз, 2015
1012
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ «ЛИТУАНИКА» ЛИТВА МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫ ЛИТВА РЕСПУБЛИКАСЫНАН КЕЛГЕН ТУРИСТЕР ДЕЛЕГАЦИЯСЫН КЕНШІЛЕР АСТАНАСЫНДА ҚАРСЫ АЛДЫ.
Өткен ғасырдың еңбекпен түзету лагерьлерінің ең атақты да ауқымдысы – Карлаг болатын. Қазіргі кезде зұлмат заманның ескірмес естеліктері Долинка елді мекенінде жиналып сақталған. Ондағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайы соңғы жылдары шетелдіктердің қызығушылын айтарлықтай арттырып келеді. Бұл жолы Литва Республикасынан арнайы «Экспедиция Карлаг-2015» арнайы жобасымен туристер делегециясы елімізге ат басын бұрған болатын.

Делегаттарды бастап келген – Литва сеймінің депутаты Паулюс Саударгас мырза. Экспедицияның негізгі бағдарламасы: ГУЛАГ лагерьлерінің ең ірілері – Карлаг пен АЛЖИР-дің орындарында болу, тәуелсіз Қазақстанның мақтанышы – Астана қаласымен танысып, әрі қарай экскурсиялық бағытты оңтүстік астана – Алматыда жалғастыру.
Қонақтарды Республикамыздағы Литва елшілігінің дипломатиялық өкілдері қарсы алды. Экспедиция, өз уақытында орасан зор кеңестік әйелдер лагері деген атауға ие болған АЛЖИР музейінен басталды. Ақмола облысында орналасқан бұл мемориал-музейде литвалықтар «Қасірет қақпасы» монументі мен 7620 тұтқынның есімі жазылған қабырғаны көрді. Музейдің барлық экспонаттарымен танысып болған соң, еліміздің бас қаласымен экскурсиялық таныстыру басталып кетті.
Қарағанды облысында саяхатшылар тобы тарихи жәдігер есептелінетін – Долинка жерінде орналасқан бұрынғы Карлагтың музейі мен қаладағы өлкетану музейінің құрметті қонақтары болды. Сондай-ақ, солақай саясаттың құрбаны болғаны көптеген елдің азаматтары жерленген Спасск мемориалды кешенінде гүл шоқтарын қалдырды. Бұл жерде қуғын-сүргінге ұшыраған бейбіт халықтың рухына Литва мемлекеті атынан белгі де орнатылған.
Басты да іс-шаралар атқарылған соң, делегат мүшелері литвалық үйде осы этнос өкілдерімен кездесіп, Астана мен Қарағанды қалаларынан алған ерекше әсерлерімен бөлісті. Сонымен бірге, Құрметті елші Тварионас Виталиймен танысты.
Енді Алматы қаласына жол түсіп тұр. Онда делегация Қазақстанда табысты жұмыс атқарып жатқан бизнесмендермен кездесіп, әсем қала Алматының барлық көрікті жерлерін араламақ.
Қарағанды облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» ҚММ-ның
баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
Астанада «Вайнах» қауымдастығының белсенділері марапатталды
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
8 Тамыз, 11:56
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
7 Тамыз, 22:49
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
7 Тамыз, 12:22
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды