
22 Қараша, 2017
1149
Қарағанды облысы ҚХА жанынан журналистер мен сарапшылар клубы құрылды
Ағымдағы жылы 21 қараша күні Достық үйінде Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының жанынан этносаралық қатынастар мәселелері жөнінде журналистер мен сарапшылар клубы құрылды. Қарағанды облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі журналистер мен сарапшылар клубы Қарағанды облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-сараптамалық және ақпараттық орган болып табылады.
Іс-шараны Қарағанды облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының басшысы Е.Б.Құсайын жүргізіп отырды.
Клуб құрамына: «Орталық Қазақстан» газетінің бас редакторының орынбасары Е.К.Мұсабеков, «Орталық Қазақстан» газетінің Жезқазған аймағы бойынша тілшісі А.Құрмансейіт, «ekaraganda.kz» ақпараттық порталының директоры С.И.Забурдяев, «ekaraganda.kz» ақпараттық порталының тілшісі К.Безкоровайная, «Қазақстан» ұлттық телеарнасының Қарағанды облысы бойынша меншікті тілшісі Р.Н.Тұрсынғалиев, «Saryarka» телеарнасының редакторы Ә.Жампейісов, «1-Қарағанды» телеарнасы директорының орынбасары И.Аслан, «5 Канал» телекомпаниясының редакторы Ә.Сәбитова, «Индустриальная Караганда» газетінің корреспонденті С.А.Свич, «qasym.kz» ақпараттық-танымдық порталының бас редакторы Н.Қалқаманұлы, «Достық аймағы» журналының бас редакторы Н.В.Красникова, «Граждане Казахстана» ҚБ жобалар жетекшісі Д.С.Полтаренко, «Арқа ақшамы» газетінің бас редакторы Ж.Жаңқашұлы, Балқаш қаласынан «Балқаш өңірі» газетінің бас редакторы З.Жұматова, Нұра ауданынан «Нұра газетінің» бас редакторы Т.Қ.Пішенбаева, «Қарқаралы» газетінің бас редакторы Р.Смағұлов, Жезқазған қаласынан «Жезказганский вестник» газетінің тілшісі С.Б.Христофориди, блогер Н.Сундеталиев, енді.
Алқалы отырыста Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы этносаралық қатынастар мәселелері жөнінде журналистер мен сарапшылар клубы туралы ЕРЕЖЕНІ қарап, ұсыныстар мен толықтырулар айтылды.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 16-17 қарашасы күні Алматы қаласында болған «САНАНЫҢ АШЫҚТЫҒЫ» атты III Халықаралық медиа форумның жұмысы туралы «Граждане Казахстана» ҚБ жобалар жетекшісі Д.С.Полтаренко ақпаратпен бөлісті. Және осы форум аясында болған Республикалық «Шаңырақ» шығармашылық байқауының «Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы еңбек ұжымдарының қосқан үлесіне арналған ақпараттық материалдар» номинациясы бойынша «Индустриальная Караганда» Қарағанды облыстық газетінің әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің корреспонденті Светлана Анатольевна Свич бірінші орынды иеленуімен құттықтап, ұжымның атынан алдағы уақытта шығармашылық табыс тіледі .
Келелі кездесуде бірталай ұсыныстар айтылды, олардың ішінде - журналистер клубының аясында Евразиялық пікірталас клубын құру, ақпаратты жылдам алмасу мақсатында әлеуметтік желілерде ортақ журналистер клубының тобын жасау, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының жағынан аталған клуб бойынша жалпы қызметі мен мақсаты, алға қойған міндеттері бойынша шеберлік сыныптарын өткізу туралы пікірімен бөлісіп, этностық тақырыпқа байланысты телебағдарламалар және арнайы рубрикаларды шығару сияқты өз ойларын ортаға салды.
Қарағанды аймағы бойынша бүгінгі іс-шара өте маңызды болып табылады себебі аймақ көп ұлтты болғандықтан, мемлекеттік төзімділікті, этносаралық, конфессияаралық келісімді, азаматтық бірлікті, патриотизмді, және рухани-мәдени тұтастықты нығайтуға ықпал жасау өте маңызды болып табылады. Және журналистер клубы осы мәселеның дамып өркендеуіне ықпал жасайды деп сенеміз.
Кездесу барысында клубтың төрағасы болып «Орталық Қазақстан» газетінің бас редакторының орынбасары Ерсін Кәрібайұлы Мұсабеков сайланды.
Дата события ассамблеи: 22.11.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ассамблея жастары» төрағасы Т. Джумурбаевпен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті
-
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
29 Тамыз, 19:37
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ассамблея жастары» төрағасы Т. Джумурбаевпен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті
-
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті