Қазақстан халқы Ассамблеясы

31 Шілде, 2015

1879

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ЖАСТАРЫНЫҢ ПАТРИОТТЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ

Шілденің 30-31 күндері Ақтоғай ауданында облыс белсенділерінің басын қосқан ауыл жастарының XII облыстық патриоттық форумы айрықша қарқынмен өткізілді.

Шілденің 30-31 күндері Ақтоғай ауданында облыс белсенділерінің басын қосқан ауыл жастарының XII облыстық патриоттық форумы айрықша қарқынмен өткізілді. Бұл жолғы жастар форумының мазмұны да жылдағыдан өзгеше: Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспары бойынша көптеген бастамалардың бағыты анықталды. 

Негізгі міндеттердің ішіндегі маңыздылары - мемлекеттік жастар саясатының ауылдық жерлерде жүзеге асырылуын қадағалау, жас көшбасшылардың тәжірибе алмасуы және ауыл жастарына қолдау көрсету.

Өзектілігі күнделікті артып келе жатқан тақырыптардың бірі – ел бірлігі мен мемлекетіміздің тұтастығы. Ауылдық елдімекендерде бұл салада өткізіліп жатқан шаруалар да аз емес. Оның біршамасы облыстық Ассамблеяның татулықты нығайтуға бағытталған бастамалары аясында іске асырылуда. Осы орайда Қарағанды облыстық Ассамблея хатшылығының басшысы Е. Құсайын жастар форумында Қазақстанның біртектілігі мен бірегейлігін бекіте түсуге арналған Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» - Қазақстан Республикасының дамыған мемлекеттердің отыздығына кіру жөніндегі жоспары туралы сөз сөйледі. Өз сөзінде Е. Құсайын  Ұлттық жоспардағы біртектілік пен бірлік бағыты бойынша жасалып жатқан жұмыстарға тоқтала кетіп, бұл салада 6 нақты қадам қарастырылғанын атап өтті:

- Аталмыш реформаны жүзеге асырудағы ең алғашқы қадам – «Мәңгілік ел» патриоттық актісін әзірлеу. Екіншіден, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел – үлкен отбасы» кең ауқымды жобасын қанаттандыру. Үшіншіден, азаматтық біртектілікті нығайтудағы «Менің елім» ұлттық жобасын дамытып, іске асыру. Төртіншіден, «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» ұлттық жобасын нық белгіленген іс-қимылдармен алға жылжыту. Бесіншіден, «Нұрлы болашақ» жобасын дайындап, жүзеге асыру. Алтыншы, ол – осы аталған бес институттық реформаға жан-жақты ақпараттық қолдау көрсету, - деп барлық тарауға қысқа да нұсқа тоқталып кетті.

Облыстық Ассамблея хатшылығының меңгерушісі сөзін қорытындылай келе, қай салада болмасын Ассамблея атқарып жатқан қызметтің ауқымды екенін атап өтті. Қазақ жастарының болашағына сенім артып, олардың үлкен үміт күттіретінін жеткізді.

Қарағанды облысы әкімдігінің

"Қоғамдық келісім" КММ баспасөз қызметі

тел., WhatsApp: +77024190203

e-mail: arai.lym.nur@gmail.com

Кейін қарай