Қазақстан халқы Ассамблеясы

14 Желтоқсан, 2015

921

Қарағанды облысында ҚХА 20-жылдығына арналған ғылыми конференция өтті.

Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Қазақстан – менің Отаным» атты ІІ аймақтық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шараны облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы мен ҚарМУ тарих факультеті, Қазақстан тарихы және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасымен бірлесіп ұйымдастырды.

Конференцияға Қарағанды, Астана, Павлодар, Көкшетау және Петропавл қалалары жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері қатысты.

Ғылыми-практикалық конференция бағдарламасында Қазақстанның заманауи тарихындағы өзекті мәселелер қарастырылып, үш ғылыми бағыт бойынша жүргізілді:

1. Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық келісімді қалыптсатырудағы орны мен рөлі;

2. Ұлы Дала өркениеттер тоғысында;

3. Қазақстанның қазіргі тарихы;

Республикамыздағы барлық этностардың мүдделерін қиыстырған, тұрғындардың ұлттық айырмашылығына қарамастан азаматтық құқығы мен бостандығын қамтасыз етіп, Қазақстандағы сарабдал саяси жүйенің маңызды элементі ретінде танылған қоғамдық институт - Қазақстан халқы Ассамблеясы. ҚХА құрылған кезден бастап Қазақстан Республикасында қоғамдық келісім мен бейбітшілікті нығайтуда орасан зор жұмыстар атқарылды. Қазақстан халқы Ассамблеясының қайталанбас рөлі жөнінде Елбасы Н.Ә. Назарбаев үнемі айтып келеді: «Қазақстан халқы Ассамблеясы – келісім мен бейбітшіліктің берік діңгегі, Қазақстандағы барлық ұлттар мен ұлыстар достығының негізі».

Ғылыми конференцияның ресми ашылуында «Шежірелі Сарыарқа» ғылыми жобалар байқауының қорытындысы жарияланып, жеңімпаздарын салтанатты марапаттау өткізілді. Аталмыш байқауды Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы мен ҚарМУ тарих факультеті бірлесіп ұйымдастырған болатын.

Қарағанды облысы әкімі аппаратының

"Қоғамдық келісім" КММ баспасөз қызметі

тел., WhatsApp: +77024190203

e-mail: kelisim_krg@bk.ru

Кейін қарай