21 Желтоқсан, 2015
1484
Қарағанды облысында тұңғыш Достық үйі ашылды
Бүгін Қарағанды облысында тұңғыш Достық үйі салтанатты түрде ашылды. Ашылу рәсіміне облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі – Ералы Тоғжанов, Қазақстан Республикасы Парламент депутаттары, облыстағы этномәдени бірлестіктер өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері, мемлекеттік мекемелер басшылары, мәдениет қайраткерлері, кәсіпкерлер мен меценаттар, жастар ұйымдары, жоғары оқу орындары ректорлары мен студенттері, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Көпұлтты қала үшін мұндай ғимараттың маңызы ерекше болмақ. Көптен күткен жаңа нысанның құрылысы аз ғана уақытта ішінде аяқталып, 21 желтоқсан күні қарағандылықтар тұңғыш Достық үйінің мерекелік ашылуының куәгері болды.
Қарағанды облысы еліміздегі полиэтникалық аймақтардың бірі. Облыста 75 этномәдени бірлестік қызмет етеді, оның 22-сі облыс орталығында орналасқан.
Төрт қабатты жаңа әкімшілік ғимаратта этномәдени бірлестіктердің ұлттық мәдениеті мен шығармашылығын дамытуға барлық жағдай жасалған. 400 орынды концерт залы, дөңгелек үстелдер мен конференциялар өткізуге арналған 100 орынды үлкен мәжіліс залы орналасып, Ассамблея мұражайы мен кітапханасы, сонымен вокал және би залы, халық қолөнерімен шұғылдануға арналған шеберлік бөлмелері де жасақталған.
Облыс басшысы өз құттықтау сөзінде Қазақстан Рсепубликасы Тұңғыш Президенті жарлығының жариялануымен Қазақстан халқы Ассамблеясы жылында қолдануға беріліп отырған Достық үйі Қарағанды қаласы тұрғындары үшін үлкен сый екенін атап өтті.
Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі – Ералы Тоғжанов қала тұрғындары мен басшылығын жаңа көрікті ғимарат құрылысының аяқталуымен құттықтап:
- Қазақ елі тәуелсіздік жылдары ең биік шыңдарды бағындырды. Халықтың басты жемісті жетістігінің бірі – баянды бейбітшілік, тұғырлы тәуелсіздік пен саяси тұрақтылық. Осы тарапта қарағандылықтар этносаралық және конфессияаралық келісімнің жарқын үлгісі болып танылды, - деп ерекше айтып кетті.
Этномәдени бірлестіктер өкілдері бөлінген кабинеттерді ұлттық нақышта жабдықтап үлгерген. Облыс әкімі Н.Әбдібеков, ҚХА төрағасы орынбасары Е.Тоғжанов ғимаратты толық аралап шығып, этномәдени бірлестіктердің қызметімен таныстырылды.
- Қаламызда Достық үйінің салынуын ұзақ күттік. Барлық этномәдени орталықтар үшін бұл мазмұны мен маңызы айрықша шаңырақ. Бұл жерде біз бір-бірімізге етене жақын болатынымыз анық. Бұрындары тек іс-шараларда ғана кездесетін болсақ, енді мерекелерді бірге ұйымдастырып, бірге дайындалатын боламыз, - деп этномәдени орталық мүшелері ерекше әсерлерімен бөлісті.
Ерекше атап өтетені, республика бойынша салынып жатқан мұндай қоғамдық маңызды нысанның мақсаты «Қазақстан – 2050» стратегиясында алға қойылған ұлтаралық келісімді нығайту және жаңа қазақтандық патриотизмге тәрбиелеу міндетін іске асыруға бағытталған.
Ашылу салтанаты аяқталған соң, жаңа ғимаратта алғаш рет облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ХVIII сессиясы өткізілді.
Қарағанды облысы әкімі аппаратының
"Қоғамдық келісім" КММ баспасөз қызметі
тел., WhatsApp: +77024190203
e-mail: kelisim_krg@bk.ru
Ұқсас жаңалықтар
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Қарағанды облысы
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
вчера, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ