
15 Тамыз, 2016
734
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ МЕДИАЦИЯ КҮНІ
Жанжал дегеніміз не? Оны шешудің жолдары қандай? Мәселелердің шешімін сотқа жүгінбей-ақ табуға бола ма?
Даулы мәселені шешу – мүмкін, бірақ шешім екі жақтың да қажеттілігін қанағаттандыруы керек. Ал, шиеленістің шешімін табу үшін медиацияны қолданған жөн.
Медиация – зорлық-зомбылық пен соттың талқылауына балама, әрі кеңес, келіссөз бен арбитраждан ерекше әдіс болып келеді.
Қарағанды облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы мен облыстық сот ұйымдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты мен Қазақстан халқы Ассамблеясының шиеліністі сотқа дейін немесе сот төрелігінен тыс шешілуін дамыту туралы ынтымақтастық меморандумына байланысты жоспардың аясында медиация институтын дамыту мақсатында медиация апталығын өткізгенді.
«Медиация күні» республикалық акциясы аясында облысымыздың көптеген қалалары мен аудандарында «дөңгелек үстелдер» мен «ашық есік күндері», аудандық білім бөлімдері мен оқу орындарының жетекшілеріне арналған ақпараттық-оқытушылық семинарлар, облыстық медиация Кеңесін құру тақырыбында кездесулер өткізіліп, волонтерлардың көмегімен ақпараттық буклеттер таратылды.
Аталмыш іс-шараларға Қарағанды облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер, медиаторлар мен БАҚ өкілдері қатысты.
Айтулы шаралар шиеліністі шешудің тиімді жолдарының бірі ретінде қарастырылатын медиация институтының дамуына бағытталған мақсаттар мен міндеттердің түсіндірілуіне, сонымен қатар, медиацияны және татуластыратын шаралардың тиімділігін үгіттеуге арналған.
Акция барысында судьялар, экс-судьялар, мемлекеттік құрылымдардың өкілдері мен медиаторлар азаматтарға тегін кеңестер беріп, құқықтық көмек көрсетті.
«Ашық есік күнінде» отбасы, тұрғын үй ,мүліктік жанжалдар мен еңбекке байланысты шиеліністер мәселелері жиі қозғалды.
Сонымен қатар, акция барысында қатысушылар арасында блиц-сұрақ жүргізілді. Сауалнама қорытындысы бойынша келушілердің 19 % шиеленісті шешудің баламалы әдісімен таныс, ал жартысынан көбі медиация жайлы білмейтіндерін айтты.
Іс-шараға шамамен 1000 адам қатысты. 170 азамат 61 медиатордан медиация бойынша тегін кеңес алды.
Қарағанды облысы әкімі аппараты
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Қарағанды облысы
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Қарағанды облысы