29 Мамыр, 2019
2057
Қарағандыда ана мен отбасы және әйелдердің тұлғалық өсуіне арналған бірінші аймақтық форум өтті
Қарағандыдағы Серік Сәпиев атындағы бокс орталығында «Ана мен отбасы және әйелдердің тұлғалық өсуі» тақырыбында «Дарынды ана» бірінші аймақтық форумы өтті.
«Талант-менеджмент» тұлғаны зерттеу және дамыту орталығы ұйымдастырған тың жобаның авторы – жеті баланың анасы, «Алтын алқа» төс белгісінің иегері, балабақшалар желісінің негізін қалаушы және мектепке дейінгі білім берудегі алғашқы Қазақстандық франшиза «Дарынды бала» және «Дарынды Ана» Коворкинг орталығының авторы, Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің мүшесі Айнагүл Хамитова.
Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, жобаның мақсаты - қазіргі қоғамда аналардың әлеуеті зор екенін және олар үшін ойға алған істерін жүзеге асыруға барлық мүмкіндіктердің жасалғанын көрсету. Жеке кәсіпке бет бұрған аналарды жобаларына қолдау білдіретін басқарушылармен таныстырып, байланыс орнатуға жәрдемдесу және олармен бизнесті ашу және жүргізу тәжірибесімен бөлісу.
Форум аясында ұйымдастырушылар жеке кәсібін ашсам деген аналардың стартабы үшін, сондай ақ бизнесті конкурстық негізде ілгерілетуге берілетін 1 000 000 теңге көлеміндегі грант туралы ақпарат берді. Грантты алу ережесіне сәйкес, үміткер 1 шілдеге немесе 1 тамызға дейін бизнес оқудан өтіп, 10 қыркүйекке дейін бизнес жоспарын қорғауы қажет.
Қатысушыларға бизнес жоспарды егжей-тегжейлі әзірлеу әдістері кәсіби бизнес-жаттықтырушылардың дәрістерінде айтылады, ал оқыту сабақтарын ұйымдастырушылар өздері жүргізеді.

Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті