23 Желтоқсан, 2020
1992
Қарағандыда Аналар кеңесі жылды қорытындылады
Қарағанды қаласының Достық үйінде Аналар кеңесі жылды қорытындылау отырысын өткізді. Отырыста Қарағанды облысы ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Жанар Кенжеғалиева өңірдің әрбір елді мекенінде өз қызметін жүзеге асырып келе жатқан осы құрылымдық ұйымның рөлі туралы айтып өтті.
Бұдан бөлек, отбасы мен бала тәрбиесі, ұлттық құндылықтар, қайырымдылық, көп балалы, жалғыз басты аналар мен басқа да мәселелер туралы сөз болды. Аудан және қала бойынша Аналар кеңесінің жетекшілері атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, алдағы жылға жоспарларымен бөлісті. Бүгінгі таңда олар облыста болып жатқан барлық іс-шараларға, идеялық-саяси, әлеуметтік-мәдени жұмыстарға белсенді қатысады.
Шара аясында ұлттық және отбасылық құндылықтарды насихаттау, жастарды адамгершілікке тәрбиелеу жұмысы үшін Аналар кеңесінің мүшесі, ардагер-педагог Күліш Төлеухановаға "Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл" мерейтойлық медалі табыс етілді. Сондай-ақ, облыстық ҚХА-дан кеңестің бірнеше өкілдері, соның ішінде ауылдық округтер алғыс хаттарға ие болды.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Хатшылығында Жетісу облысындағы Ассамблея қызметі жөнінде тыңдау өтті
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді