09 Қазан, 2020
757
Қарағандыда «Бұқарекең жырлайды» байқауы өз мәресіне жетті
Қарағанды қаласының Достық үйінде «Бұқарекең жырлайды» байқауы өтті. Шара биыл ұлы даланың жыршы - ақыны Доскей Әлімбайдың мерейтойына арналды.
Бұқар жырау Қалқаманұлының ұлағатты жырларын ұлықтап, жас ұрпақ санасына сіңдіру мақсатында өткен байқауға 70-тен астам үміткер өтінім берген еді. Ұйымдастырушылар жылдан-жылға қатысушылар саны көбейіп келе жатқанын айтады. Карантин уақытында да қатысушылар барлық санитарлық талаптарды ұстана отырып, құлшыныс танытқан.
"Әлемді түгел көрсе де" сайысы бойынша өзге этнос өкілдері өз ана тілдерінде және мемлекеттік тілде Алаштың арқалы жырауының шығармаларын сүйсініп оқитынын аңғартты. Осыдан үш жыл бұрын қатысқан Вадим Гамм, көбірек шығарма жаттап, тағы дабағын сынауға келіпті. Оның оқыған "Алыстан қызыл көрінсе" өлеңін шет тілі пәнінің мұғалімі неміс тіліне аударып берген.
Байқау қатысушылары Бұқар жырау Қалқаманұлының жыр-толғауларын жатқа айту мен орындаудан және жыраулар поэзиясы үлгісінде жазылған өз өлеңдерін оқудан сайысқа түсті. Қазылар алқасы бағалау барысында жыраудың қанша жырын білетініне, сахналық мәдениеті мен оқу және орындау мәнеріне мән берді.
- Мұндай шаралар жастардың ой ұшқырлығын ұштап, танымын тереңдетеді, ақын-жырауларымыздың шағырмаларын өміршең етеді, - дейді жоба жетекшісі, бұқартанушы, филолог, айтыскер ақын Айтбай Жұмағұл.
- Сайыстың биыл да барлық азаматтық бастамалардың орталығына айналған Достық үйінде өтуі әрі оған этнос өкілдерінің қатысуы қуантады. Заманында қаймана жұртын ынтымақ пен өзара бірлікке үндеген Бұқар баба жырлары бірнеше тілде оқылып жатыр. Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді деген міне осы, - дейді" Қоғамдық келісім" мекемесінің басшысы Бахтиар Бекмұрзаев.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
-
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ассамблея жастары» төрағасы Т. Джумурбаевпен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
5 Қыркүйек, 22:32