18 Мамыр, 2021
383
Қарағандыда бала тәрбиесіне бағытталған кездесу өтті
Қарағанды облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесі Халықаралық отбасы күніне орай мектеп оқушыларымен және ұстаздарымен «Тәрбие тал бесіктен» атты онлайн кездесу өткізді.
Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы отбасы тәрбиесінің де өзіне тән ұлттық құндылықтары қалыптасатынын ескерсек, бабаларымыз баланы ұлт перзенті ретінде тәрбиелеуді көздеген. Қазақ халқының әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері тұнып тұрған ұлттық тәрбие екені баршамызға мәлім. Бүгінгідей жаhандану заманында уақыт көшінен қалмай әрі құндылықтарымызды жоғалтпай, ұлттық тәрбие мәйегін сақтау өте маңызды. Кездесуде осы жайлы "Шаңырақ" көпбалалы аналар орталығының өкілі Әсем Тоқмағанбетова кеңірек айтты.
- Отбасыда ұлттық құндылықтар, салт-дәстүрлер үнемі сақталып отырса, баланың ұлттық сана-сезімі ерте оянады. Сондай ақ, толеранттылыққа, татулыққа баулуды да бала жастан бастау қажет. Баланы қоғамның талаптарына, уақыт сұранысына сай тәрбиелеп, ілім-білімге құштарлықты, бойларында Отанға, халқына, еңбек және қоғамдық іс-әрекетке жауапкершілік сезімін сіңдіруде білім ошақтарының да рөлі маңызды ,-дейді Әсем Амандыққызы.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
-
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
-
«Мектепке жол»: мың баланың қуанышы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті
-
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
28 Тамыз, 19:29
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті