Қазақстан халқы Ассамблеясы

15 Желтоқсан, 2015

560

Қарағандыда басты мемлекеттік мереке аталып өтті

Қарағандыда елдің басты мемлекеттік мерекесі аталып өтті. Салтанатты іс-шараға ардагерлер, этномәдени және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері мемлекеттік орган басшылары, депутаттар, кәсіпкерлер қатысты.

Қарағандыда елдің басты мемлекеттік мерекесі аталып өтті. Салтанатты іс-шараға ардагерлер, этномәдени және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері мемлекеттік орган басшылары, депутаттар, кәсіпкерлер қатысты.

«Әр мемлекет үшін мұндай күн тарихи күн болмақ. Өйткені егемендікті алғаннан кейін ғана ел дамудың жаңа кезеңін бастайды. Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы тәуелсіздікті армандаған.  Биыл 24-ші рет Қазақстанның Тәуелсіздік күнін тойлап жатырмыз», - деп облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков тұрғындарды құттықтады. Кейін аймақ басшысы өңір мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін ерекше үлес қосқан азаматтарды марапаттады.

Аймақта алғаш рет III дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен «АрселорМиттал Теміртау» АҚ №3 цехының жұмысшысы Мұрат Ибраев марапатталды. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Эдуард Огай «Парасат» орденіне ие болды.

Тәуелсіздігіміз жарияланған кезден бастап аймағымыз айтарлықтай ілгері басып, қарқынды өркендеу үстінде екенін облыс басшысы ерекше атап өтті. Әлеуметтік саланың дамуына көптеген қаржы бөлініп келеді. 20 жыл ішінде өнеркәсіптік өнімнің көлемі есе артқан, өндірістік желілердің де қатары көбейді. Жыл сайын мектепке дейінгі және спорттық мекемелер салынып, жаңа жұмыс орындарын қамтамасыз ететін өндірістік объектілер іске қосылуда.

Айта кету керек, бүгін Астанада, Қазақстан Республикасының Президенті және елдің Мемлекеттік хатшысы Қарағанды облысының екі тұрғынын жоғары наградамен марапаттады.

Марапаттау рәсімінен кейін үлкен мерекелік концерт өтті.

Қарағанды облысы әкімі аппаратының

"Қоғамдық келісім" КММ баспасөз қызметі

тел., WhatsApp: +77024190203

e-mail: kelisim_krg@bk.ru

Кейін қарай