01 Ақпан, 2021
815
Қарағандыда еліміздің халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі тақырыбында дөңгелек үстел өтті
Қарағанды облыстық Ассамблеясының ұйымдастыруымен ZOOM форматында «Қазақстанның ғаламдық бастамалары. Халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлес» тақырыбында ҚХА Ғылыми-сарапшылық тобы, этномәдени бірлестіктер, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы өкілдері мен оқытушылары және ЖОО студенттерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Бұған қоса, ядролық, экологиялық және ақпараттық қауіпсіздік сияқты тақырыптар талқыланды. Дөңгелек үстелде спикерлер әртүрлі презентациялары мен талдамалық зерттеулерін ұсынды.
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан халықаралық аренада өз позициясын нығайтты. Біздің мемлекет көпвекторлы, прагматикалық және белсенді сыртқы саясатты жүзеге асырып, қауіпсіздік, ынтымақтастық және даму саласындағы жаһандық және аймақтық күн тәртібін қалыптастыруға және іске асыруға айтарлықтай үлес қосты. ЕҚЫҰ-ға, ЕурАзЭҚ-қа, ШЫҰ-ға, ИЫҰ-ға, ҰҚШҰ мен Түркі кеңесіне төрағалық ету соңғы жылдары Қазақстанның жоғары халықаралық беделінің дәлелі болғанын атап өткен жөн.
Ең бастысы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қарудан бас тарту туралы шешімі болды. 2021 жылы тамызда Семей ядролық полигонының жабылғанына 30 жыл толады. Қазақстан қуатты ядролық мұраға ие болды. Осы шешіммен Елбасы әлемдегі төртінші ядролық кешенді - сынақ алаңдарын, жеткізу техникаларын, даму кешендерін жапты. Содан бері, Қазақстан әлемде ядролық қаруды жою және таратпау идеясын үнемі алға тартып келеді.
Сондай-ақ, 2014 жылы Қазақстанда «Бітімгершілік қызмет туралы» заң қабылданды. Бүгінде біздің еліміз бірқатар бітімгершілік миссияларға қатысады, Қазақстан әлемде бейбітшілікті сүйетін мемлекет ретінде танылды. Тарихшылар, сарапшылар және студенттер бұл туралы және тағы басқа тақырыптарда өз ойларын білдірді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
-
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
5 Қыркүйек, 22:32