
23 Мамыр, 2016
929
Қарағандыда кәріс әнінің фестивалі болып өтті
Мамыр айының 18-і күні «Сарыжайлау» кинотеатрында «Біз» сөзінде – жүз мың «Мен» бар» ұранымен облыстық кәріс әнінің фестивалі өтті.
Қазақстан кәрістері Ассоциациясының Қарағанды филиалы «Қарағанды облысы білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қолдауымен аталмыш фестивальді жыл сайын ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған.
Фестиваль мақсаты – ұлты кәріс дарынды бүлдіршіндерді анықтау және оларға қолдау көрсету, ұлттық өнерді насихаттау және әрі қарай дамыту.
Байқауға вокалдық ансамбльдер мен жеке орындаушылар, сонымен қатар түрлі музыкалық аспаптарда шебер ойнайтын өнерпаздар қатысты.
Байқаудың іріктеу кезеңі 22 сәуірде №92 мектепте өтті. Онда жас шамаларына қарай бөлінген үш топ өнер көрсетті. 1-4 сынып оқушылары бастауыш топ, 5-9 сынып оқушылары негізгі топ, 10-11 сынып оқушылары ортаншы топ болып бекітілді. Байқау қатысушылары өз репертуарындағы әндерді орындап шықты.
Байқаудың шартына байланысты, финалда қатысушылар кәріс тіліндегі әнді шырқады.
Қатысушылардың талабы мен талантын өз кәсібінің мамандары атанған әділқазылар бағалады. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Сарыжайлау» кинотеатрының директоры – Рымбала Омарбекова, Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры – Тілеубек Камалиев, «Қарағанды облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бас маманы – Бақыт Досымбекова, Музыкалық комедия академиялық театрының хор жетекшісі – Татьяна Штыкова, Қазақстан кәрістері Ассоциациясы Қарағанды филиалының мүшесі, кәріс тілі мұғалімі – Елена Шин әділқазылар құрамында болды. Қазылар қатысушылардың вокалдық қабілеттеріне, кәріс тілін меңгеру деңгейіне және актерлік шеберліктеріне басты назар аударды.
Бірінші топтан №101 мектептің 2-сынып оқушысы Валерия Ли үздік атанса, екінші топтан №9 гимназияның 5-сынып оқушысы Александра Пен жеңіске лайықты деп танылды. Үшінші топтан №16 мектептің 9 және 10-сынып оқушылары Татьяна Цхай мен Екатерина Кан жүлделі болды. №9 гимназияның 3-сынып оқушысы Алине Ким көрермендер көзайымына атанды.
№23 мектептің 5-сынып оқушысы, іс-шара жүргізушісі Маша Ким фестиваль көрермендерін ерекше сүйсіндіріп, өз шеберлігіне тәнті етті.
Ассоциация филиалының төрайымы Лилия Ким байқауға қатысушы барлық бүлдіршіндерді, оқытушыларды, ата-аналарды құттықтап, аз ғана уақыт аралығында кәріс әндерін игеріп шыққандарына ризашылығын білдірді. Өз сөзінде аталмыш іс-шараның жыл сайын өткізілуіне ерекше қолдау көрсетіп, қазақ сахнасында жаңа есімдердің пайда болуына сүбелі үлес қосып жатқан «Қарағанды облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесіне айрықша алғысын жеткізді.
Байқау қатысушалары Корея Республикасынан арнайы әкелінген дипломдар және ерекше сыйлықтармен марапатталды. «Қарағанды облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі жас таланттарға үш тілде жарық көрген оқулықтарды табыс етті. Ата-аналар: «Басты жеңісіміз – тарихи тілімізге деген қызығушылықты арттырып, меңгеру. Фестивальдің ең керемет қыры – отбасыны біріктіру», - деп өз ойларымен бөлісті.
Облыстық байқау жеңімпаздары алдағы уақытта республикалық деңгейдегі фестивальде өнер көрсететін болады.
Қарағанды облысы әкімі аппаратының
"Қоғамдық келісім" КММ баспасөз қызметі
тел., WhatsApp: +77024190203
e-mail: info@kelisim.kz
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ