
16 Қазан, 2018
1076
Қарағандыда ҚХА жастар қозғалысы жаппай даму үстінде
Елбасы Жолдауы жастарға жаңа серпін мен мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
Қарағанды облыстық ҚХА Жастар бірлестіктерінің үйлестіру Кеңесі мен Республикалық «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы аймақтық штабының Достық үйінде өткен кезекті жұмыс отырысында жиналған Кеңес мүшелері осылай дейді.
Қарағанды облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Жұпар Базарова мен осы мекеменің «ҚХА құрылымдары мен іс-шаралар ұйымдастыру бөлімінің» басшысы Ләззат Керейбаева, этномәдени бірлестіктердің белсенділері, Қарағанды қаласы ЖОО студенттері қатысқан Кеңес отырысында Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" Жолдауындағы жастарға қатысты тармақтары талқыланып, ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының алдындағы міндеттері мен мақсаттары, «Жарасым» студенттер клубының ашылуы жайлы кеңірек айтылды, сондай ақ, 2019 жылға жоспар бекітілді.
Кеңес төрағасы Александр Урмашов осы уақыт аралығында аймақтағы ЖОО әкімшіліктерімен бірлесіп атқарылған бірқатар шараларға тоқталды. «Бүгінде ҚХА жастар қозғалысының алдында біраз жоспарлар бар, олар күн тәртібімізде үнемі тұрады. Қазан айының соңында аталған бағыттарда ҚММУ жанына «Жарасым» студенттер клубы ашылмақ, ал қараша айында академик Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ мен Болашақ академиясында, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде ашуға оқу орындарының басшылығымен келісімге отырдық»,- деді А.Урмашов.
Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Темірлан Саматов өңірдегі жастар арасында салауатты өмір салтын сақтау бағытындағы атқарылған насихаттық жұмыстарды атап көрсетті.
Жиналғандар бұдан былай нәтижелі жұмыс атқару үшін Кеңес пен басқарма арасында ортақ меморандумға отыру қажет деген пікірді бірауыздан қолдады. Болашақ елдің тұтқасы - жастардың әрбір тарихи жағдайға баса мән беріп, тереңдей түсінікке бойлап, тек тыңдау арқылы ғана емес, шынайы іс жүзінде жүзеге асырылуы керек екенін алға тартқан дөңгелек үстел қатысушылары отырысты қорытындылай келе, 2019 жылға жоспар бекітіп, Президент Жолдауындағы айтылған маңызды жұмыстардың атқарылуында бір-біріне сәттілік тіледі..
Ұқсас жаңалықтар
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
28 Тамыз, 19:29
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті