06 Мамыр, 2021
462
Қарағандыда Қоғамдық келісім кеңесінің отырысы өтті
Қарағандының Достық үйінде Бекзат Алтынбековтың төрағалық етуімен Қарағанды облысы ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің отырысы өтті.
Азаматтық қоғамды қолдау және нығайту, қайырымдылықты, медиацияны дамыту, тұрғындармен жұмыс істеу және басқа да көптеген міндеттерді шешу мәселесін көп жылдан бері өз алдына қойып келе жатқан Қоғамдық келісім кеңесі бұл салада кешенді жұмыстар атқарып келеді.
Қоғам белсенділері, заңгерлер, партиялар мен этномәдени бірлестіктердің өкілдерін қоса алғанда 60-қа жуық адам облыстық кеңестің құрамына кіреді. Жалпы аймақ бойынша 216 Қоғамдық келісім кеңесі жұмыс істейді, тек өткен жылы бірнеше көшпелі кездесулер, қайырымдылық акциялары өткізіліп, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға 912 млн.теңге көлемінде көмек көрсетілді.
Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ерлан Құсайын онлайн кездесуге қатысушыларды келе жатқан мерекелермен құттықтап, Қоғамдық келісім кеңестері Қазақстан халқы Ассамблеясының қамқорлығымен азаматтық қоғам мен биліктің өзара іс-қимылының қазіргі заманғы құралдарының бірі болып табылатынын атап өтті. Өткен жылдар аралығында кеңестер жүйесі қалыптасты, бірыңғай әдіснамалық база құрылды, белгілі бір жұмыс тәжірибесі жинақталды. Мәселен, бүгінгі таңда Қарағанды облысында Қоғамдық келісім кеңестері этносаралық және конфессияаралық өзара іс-қимыл мәселелерін шешуге белсенді атсалысуымен қатар, әлеуметтік процестерді ілгерлетудің де тиімді қоғамдық модераторы болып табылады.
Күн тәртібінде пандемия жағдайында білім беру, вакцинацияның маңыздылығы, тұрғындарды экологиялық тәрбиелеу сияқты өзекті мәселелер қаралды.
Әрбір мәселе бойынша Қарағанды облысының білім, денсаулық сақтау, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармалары өкілдерінің баяндамалары тыңдалды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Абай облысы
20 Маусым, 15:06
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
18 Маусым, 00:17
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде «Ана – ұлттың ұйыстырушысы» тәжірибеге бағытталған курсы басталды
вчера, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
18 Маусым, 09:23