
20 Мамыр, 2019
5470
Қарағандыда «Абай оқулары» облыстық байқауының жеңімпаздары анықталды
Сайысқа жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың оқушылары қатысты.
Қарағанды облысы білім басқармасының, «Сарыарқа дарыны» оқушыларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен және облыстық Ассамблеяның қолдауымен өткен байқаудың мақсаты – мектеп оқушылары арасында хәкім Абайдың, Шәкәрімнің шығармаларын насихаттау.
Төрт номинация бойынша өткізілген байқауда қатысушы Абай және Шәкәрімнің бірнеше шығармаларын жатқа айтып,«Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша әндер мен күйлер орындауы тиіс. Енді бірі – «Ұлылар әлемі» номинациясы, мұнда Абай және Шәкәрім еңбектеріне эссе жазылды.Сондай-ақ, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту, ұлылар поэзиясына, рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Өскелең ұрпақтың тарихи танымын, сана-сезімдерін және өмірлік айқындамаларын қалыптастыру өте маңызды.![]()
Бұған дейін қалалар мен аудандарда өткен аталмыш байқаудан оза шапқандар облыстық кезеңге өтті. Ал, республикалық кезеңге олар ағымдағы жылдың тамызында қатысады. Атап кету керек, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге өзіндік атсалысып жүрген жас этнос өкілдері де шығармаларды жатқа оқудан көзге түсті. Мысалы, «Көзімнің қарасын» тамылжыта орындаған орыс қызы Любовь Попова әділ қазылар мен көрерменнің қошеметіне бөлінді. Ең жас қатысушы - 10 жасар Абзал Мұқашевтың аса үлкен дайындықпен келгені көрініп ақ тұрды.
Сонымен, абайтанушы, филолог, ақындардан құралған әділ қазылар алқасының шешімімен жезқазғандық Адина Әбсадықова өз шығармаларын оқудан, Сәтбаев қаласынан келген Нарша Ибраимова «Көңілім әнді ұғады», Мұрат Ділназ «Ұлылар әлемі» номинациялары бойынша жүлделі бірінші орындарды иеленді. Барлық өнерпаздар алғыс хаттар және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
28 Тамыз, 19:29
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті