21 Желтоқсан, 2015
967
Қарағандыда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ХVIII сессиясы болып өтті
21 желтоқсан күні Қарағанды қаласының Достық үйінің жаңа ғимаратында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының «Менің Елім – Мәңгілік Ел» атты ХVIII сессиясы болып өтті.
21 желтоқсан күні Қарағанды қаласының Достық үйінің жаңа ғимаратында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының «Менің Елім – Мәңгілік Ел» атты ХVIII сессиясы болып өтті.
Сессия жұмысына облыстық Ассамблея мүшелері, қалалар мен аудандар әкімдері, этномәдени орталықтардың жетекшілері мен мүшелері, мемлекеттік органдардың, діни бірлестіктердің басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және жоғары оқу орындарының ректорлары шақырылып, облыстық Ассамблеяның ғылыми-сараптамалық тобы, облыстық Ассамблея Аналар кеңесінің мүшелері қатысты.
Сессия жұмысын ашық деп жариялаған аймақ басшысы Н.Әбдібеков татулық пен тұрақтылықтың алтын ұясына айналатын Достық үйінде басқосу тегін емес екенін атап өтті.
- Бүгін біздің қаламызда Қазақстан Республикасының Президенті – Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей қолдауымен салынған Достық үйінде облыстық Ассамблеяның ХVIII сессиясына жиналып отырмыз, - деп бастады өз сөзін облыс әкімі.
Сондай-ақ, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XVIII сессиясына Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Ералы Тоғжанов арнайы қатысты.
Сессия жұмысында Теміртау тарихи-өлкетану мұражайының директоры, облыстық ҚХА мүшесі – Наталья Скорикова, №2 «Қазақстан» шахтасы үңгілеу бригадасының бригадирі, облыстық Ассамблея мүшесі Марал Жампейісов, Қарағанды Рим-католик шіркеуінің епископы - Аделио Дель Оро, ҚР Ұлттық гвардия 52859-әскери бөлімі ата-аналар кеңесінің төрайымы – Мария Фатеева, «Вайнах» облыстық шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы, облыстық ҚХА мүшесі – Увайс Джанаев, Тәттімбет атындағы өнер колледжінің тәлімгері, облыстық «Неміс орталығы «Видергебурт» қоғамдық бірлестігінің мүшесі – Артур Таберт сөз сөйлеп, Мемлекет басшысының реформалары аясында барлық этномәдени бірлестіктердің ұйысуы, өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беруге баса назар аудару, өңірде бейбітшілік пен келісімді нығайту қажеттігі жайлы пікірлерін білдірді.
Ассамблеяның өміршеңдігінің ең басты ерекшелігі – ол этностық топтардың қызметін бақылаумен айналысатын қарапайым ұйымға ғана айналып қоймай, сонымен қатар еліміздегі барлық ұлт пен ұлыстың мүдделерін бір арнаға тоғыстырушы, барлық азаматтардың этностық, діни ерекшеліктеріне қарамастан құқығы мен бостандығын сақтаушы толыққанды саяси институтқа айналуында.
Жылдағы дәстүр бойынша сессияда ҚХА облыстық Ассамблея төрағасының орынбасары тағайындалады. Биыл бұл қызметке «Вайнах» этномәдени бірлестіктің төрағасы Увайс Джанаев лайықты деп танылды.
- Бүгінгі кездесу біздің баршамыз үшін пайдалы және мағыналы болды деп ойлаймын. «Бірлігі күшті ел озар» дейді дана халқымыз. Сондықтан баға жетпес басты байлығымыз бірлік, татулығымыз берік болуы үшін табан тірейтін тұғырымыз тұрақтылық, келер күнгі кемел келешекке жетелейтін жарқын жаңғырту жолындағы жұмыста Сіздерге табыс пен сәттілік тілеймін, - деді облыс басшысы сессия жұмысының соңында.
Сессияның ресми бөлігі аяқталған соң, облыс басшысы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері мен этномәдени бірлестік белсенділеріне құрмет грамоталарын тапсырып, марапаттады.
Қарағанды облысы әкімі аппаратының
"Қоғамдық келісім" КММ баспасөз қызметі
тел., WhatsApp: +77024190203
e-mail: kelisim_krg@bk.ru
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты