26 Наурыз, 2019
1187
Қарағандыда румын фольклорының VII Халықаралық фестивалі өтті
Қарағандыда румын «Дакия» мәдени қоғамы Орталық Азия мен Қазақстандағы румын фольклорының Халықаралық «Мэрцишор-2019» фестивалін жетінші мәрте өткізді.
«Мэрцишор» - румын халқының дәстүрлі көктем мерекесі. Бұл күні ақ, қызыл түстерден жасалған гүлдестендер сыйға тартылады. Себебі, ақ түс тазалықты, қызыл түс - махаббат, күш, жеңісті білдіреді. Сонымен қатар, халық сенімі бойынша, мэрцишор - жемістің, құнарлылықтың нышаны. Оны наурыз бойы жағаға тағып жүреді.
Фестивальдің ашылу салтанатында шетелдерде тұратын румындықтармен байланыс жөніндегі Румыния Министрлігінің Мемлекеттік Хатшысы Виктор Алексеев, Румынияның Қазақстан, Тәжікстан мен Қырғызстан мемлекеттеріндегі Төтенше және Өкілетті елшісі Чезар Армяну, Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Ерлан Құсайын, «Дакия» РМБ ҚБ төрағасы Николай Плушкис құттықтау лебіздерін білдірді.
Өз сөзінде Чезар Армяну «Мэрцишор» мерекесі Наурызбен тікелей байланысты екенін атап өтіп, «Қарағандыда румындықтар көп тұрады, біз әрдайым Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауын сеземіз, әрі бұл үшін өте қуаныштымыз. Жаңару мерекесі баршаңызға құтты болсын»,- деп атап өтті.
Атап өту керек, 2017 жылдың қарашасында Румынияның Клуж-Напока мен Қарағанды қалалары арасында бауырлас қарым-қатынас орнату туралы келісімге қол қойылды. Соның негізінде экономикалық, өндірістік, сондай ақ, мәдениет саласындағы байланыстар нығайып келеді. Румынша көктем мерекесіне еліміздің түкпір түкпірінен, атап айтсақ, Нұр-Сұлтан, Павлодар, Жезқазған, Қарағанды, Шахтинск және Абай қалаларынан өнерпаздар қатысты.
Кештің арнайы қонағы Молдова - Республикасының әйгілі әншісі Ленуца Геогргице, ең жас қатысушы, «Ромынкуца» әнімен жиналғандарды тамсандырған Румынияның Қазақстандағы өкілі Элизабета Пэвэлукэ болды. Ерекеше орындауларымен керемет көңіл күй сыйлаған фестиваль қатысушыларының әрқайсысы дипломдар мен естелік сыйлықтармен марапатталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
28 Тамыз, 19:29
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
29 Тамыз, 19:37
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті