06 Қараша, 2018
1622
Қарағандыда шығармаларды поляк тілінде мәнерлеп оқудан сайыс өтті
Қарағандыда "KRESY-2018" көркемсөз шеберлерінің ақтық байқауы өтті.
Қазақстан поляк қоғамы ұйымдастырған аталмыш байқауға Астана, Алматы, Теміртау, Павлодар, Көкшетау қалаларының, сондай ақ, Шортанды, Ясная поляна, Чкалов елді мекендерінің өнерлі жастары қатысты.
«KRESY» - көркем шығарманы поляк тілінде мәнерлеп оқу сайысы және оның мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің көркем әдебиетке, поэзияға деген қызығушылығын оятып, олардың шығармашылық дамуына қолдау көрсету. 30-ға жуық үміткерлер өз аймағында үздік деп танылып, финалдық бәсекеде жүлделі орын үшін сайысқа түсті.
Дәстүрлі түрде жыл сайын өтіп келе жатқан байқау соңғы екі жылда Қарағандыда өтіп келеді. Салтанатты шараны Польша Республикасының Астанадағы консулы Анита Сташкевич ашты.
«Мен бүгін өте қуаныштымын. Себебі, поляк шығармаларының, мәдениетінің мерекесі жоғары деңгейде өтіп жатыр. Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясына, Достық үйінің ұжымына алғыс білдіремін», – деді пани Сташкевич.
Ең кішісі – 6 жаста, үлкені — 16 жастағы әр қатысушыны көрермендер қолпаштап, қолдап, шапалақпен қарсы алып отырды. Барлық қатысушыларға арнайы номинациялар бойынша жүлделдер мен алғыс хаттар табысталды. Жүлделі орындарды Виктория Соскевич, Саша Словецкая жас айырмашылығына қарай бөліссе, бас жүлде – Белостоктағы (Польша Республикасы) Халықаралық "KRESY 2018" сайысына жолдаманы ересектер арасында Дмитрий Полтавец жеңіп алды.
«Полония» Қарағанды облысы поляк қоғамының төрағасы Виталий Хмелевскийдің айтуынша, Халықаралық додаға Қазақстан, Қырғыстан, Литва, Грузия т.б. елдердің өкілдері қатысады. Дмитрийдің еліміздің мәртебесін көтерететініне сенім мол екенін және Қазақстанда қаншама этностар татулықта, өз мәдениетін, тілін сақтай отырып, келісімде өмір сүріп жатқанының, ымыра бірліктің жарқын көрінісі – бүгінгі мереке екенін атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар
-
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
24 Маусым, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
25 Маусым, 18:05
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
21 Маусым, 14:48
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
вчера, 16:01