
25 Мамыр, 2016
1248
Қарағандыда «Түркі жазуы» күні аталып өтті
Қазақстанда 2014 жылдан бері 18 мамыр «Түркі жазуы күні» болып кеңінен аталып келеді. Атаулы күнге орай Қарағандыда облыстық этномәдени бірлестіктердің қолдауымен «Көшпенділер атамұрасы» халықаралық қоғамдық қоры Қарағанды мемлекеттік техникалық университетімен бірлесіп форум өткізді. Іс-шара Екінші Шығыс Түрік қағанатының негізін қалаушы, саяси және әскери қайраткер Тоныкөктің 1370 жылдығына арналды.
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті жанындағы «Жастар әлемі» жастар сарайына этномәдени бірлестіктер өкілдері, ғалымдар, лингвистер, магистранттар мен студенттер жиналды. Форумның басты мақсаты – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыруға қолдау көрсету, «Тарих толқынындағы халық» мемлекеттік бағдарламасы қызметінің дамуына үлес қосу. Студенттер өз баяндамаларында Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» Жолдауын жүзеге асыру жолдарын қарастырды. Форумның жалпы және негізгі міндеті жастардың патриоттық рухын нығайту, Ұлы дала елі мәдениетін дамыту, көшпенділер өркениетін, атап айтсақ, тарихи жәдігерлерді, мәдени құндылықтарды дәріптеу, этномәдениеттің дамуына жағдай жасау, түркі тілдес халықтардың идеяларын таратып, іске асыру.
«Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өткендей, қазіргі таңда әлем кеңістігіне жаңа бренд – Ұлы дала елін енгізіп жатқан жайымыз бар. Осы брендті насихаттап, дамытуда бүгінгі іс-шараны ұйымдастыруды қолға алдық. Әрбір азаматтың өз тарихын білуіне үлкен үлес қосады деп сенеміз», - дейді «Көшпенділер атамұрасы» халықаралық қоғамдық қоры президентінің орынбасары Дайыр Қыдырғалиұлы.
Форум аясында тарихшылар, түркітанушылар, студенттер қатысқан ғылыми-практикалық конференция өтті. Сондай-ақ, көне түркі руна жазулары бойынша шеберлік сабағы ұйымдастырылды. Ежелгі түркі дәуірінен сыр шерткен көркем фильм көрсетілді. Іс-шара бағдарламасының ресми бөлімі аяқталған соң, форум концерттік нөмірлермен жалғасты: театрландырылған қойылым сахналанып, музыканттар домбырада асқан шеберлікпен ойнап, қобыз күйін тарту етті.
Форум барысында қонақтар назарына бірегей түркі графикасының қолданылу тарихы мен ерекшеліктері баяндалып, көшпенділер салт-дәстүрі, мәдениеті мен күнделікті тұрмыс-тіршілігі жайында қызықты деректер айтылды.
Іс-шара қатысушылары келешекте Н.В.Гоголь атындағы облыстық кітапханада түркі тілдес халықтардың тарихы мен мәдениетін оқытатын үйірмелер ашу қажеттілігін баса айтты. Олардың айтуынша, бұл үйірмелер туыс халықтардың қарым-қатынасын нығайтуға оң әсерін беріп, өскелең ұрпақтың көп ұлтты елімізді танып-білуге айрықша мүмкіндік. Форум соңында қатысушылар этномәдени бірлестіктердің өкілдері колөнер шеберлерінің шығармашылық көрмесін тамашалады.
Еске сала кетсек, Қазақстан Республикасы Парламентінің шешімімен 2014 жылы 18 мамырда «Түркі жазуы» күні болып бекітілді. Атаулы дата елімізде елеулі мерекелердің бірі болып саналады.
Қарағанды облысы әкімі аппаратының
"Қоғамдық келісім" КММ баспасөз қызметі
тел., WhatsApp: +77024190203
e-mail: info@kelisim.kz
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
15 Тамыз, 17:43
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
15 Тамыз, 18:34
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
сегодня, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті