
24 Маусым, 2021
469
Қарағандыда өткен семинарда жастар тәрбиесіндегі халықтық дәстүрлер тақырыбы қозғалды
Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының және облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Жастар тәрбиесіндегі халықтық дәстүрлер» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Этномәдени бірлестіктер мен жастар ұйымдарының өкілдерінен бөлек семинарға Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі, қоғам қайраткері Назипа Шанаи, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, мәслихат депутаты, облыстық ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Бекзат Алтынбеков, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының жетекшісі, профессор, медицина ғылымдарының докторы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Вилен Молотов-Лучанский, Қарағанды облысы әкімі аппаратының этносаралық қатынастар саласындағы қоғамдық келісім жөніндегі бас инспекторы Гүлфайруз Рымбекова, “100 жаңа есім” жобасының жеңімазы Дарын Әбілжанов пен “Жаңғыру жолы” жастар қозғалысының мүшесі Абай Отарбаев қонақ ретінде арнайы келді.
Шара модераторы, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ерлан Құсайын семинардың басты мақсаты - жастар арасында идеологиялық жұмысты күшейту, мәдениетаралық диалог аясында жалпы мәдени және жалпы тарихи құндылықтарды одан әрі дамыту мен сақтау екенін атап өтті.
Шараның арнайы бөлігінде Назипа Ыдырысқызы жастармен диалог құру арқылы патриотизм, толеранттылық және ұлттық бірлік мәселелері бойынша пікір алмасты. Қазіргі қоғамдағы жастар арасындағы мәселелерді ортаға сала отырып, шешімін залдағы қатысушылармен бірге табуға тырысты. Жастарды білімге ұмтылуға, мақсат қойып, соған жету жолында аянбауға шақырды. “Оқы, оқы және оқы” демекші, өмір бойы жаңа нәрсені білуге құштар болу керек екенін, сонда ғана Қазақстанның жастары бәсекеге қабілетті болып, әлемдік нарыққа шыға алатынымызды нақты мысалдармен жеткізді.
Назипа Шанаи өз сөзінде: “Ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт–дәстүрлер мен мәдениет – әр ұлттың рухани өмірі мен тарихынан сыр шертіп, оның қайталанбас болмысын анықтайды. Сайып келгенде, біздің ортақ мақсатымыз – жастарды қазақстандық патриотизмге, шыдамдылыққа, достыққа тәрбиелеу. Ортақ үйіміздегі бейбітшілік пен келісім мемлекеттің болашағы болып табылатын озық ойлы жастарға байланысты”,- деп жіті түсіндіріп өтті.
Семинарға қатысушылардың кері байланысына, белсенді жастарға ризашылығын білдірді.
Сонымен қатар, Достық үйінде келген қонақтарға арнап экскурсия өткізілді. “Шабыт” қолөнер орталығында этномәдени бірлестік өкілдерінің бірігіп салған картинасын аяқтау арнайы қонақ Назипа Шанаиға бұйырды.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді
-
«Ассамблея жастары: Жаңа толқын, жасампаз буын»тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы III Республикалық жастар сессиясы өтті
-
Сыр елі – достық мекені» республикалық жастар форумының пленарлық отырысы өтті
-
Бір апта бойы өткен этномәдени бірлестіктердің басшылары үшін практикалық-бағдарланған курс аяқталды
30 Маусым, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
2 Шілде, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
4 Шілде, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
4 Шілде, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
Ұқсас жаңалықтар
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді
-
«Ассамблея жастары: Жаңа толқын, жасампаз буын»тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы III Республикалық жастар сессиясы өтті
-
Сыр елі – достық мекені» республикалық жастар форумының пленарлық отырысы өтті
-
Бір апта бойы өткен этномәдени бірлестіктердің басшылары үшін практикалық-бағдарланған курс аяқталды