24 Мамыр, 2021
498
Қарағандыда «Құтты мекен» тележобасы түсіріліп жатыр
Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Құтты мекен» тележобасын бастады.
Жоба мақсаты - қазақ жерінде туып, қазақ ұлтының құндылықтарын насихаттап, өз кәсібін дөңгелетіп отырған өзге ұлт өкілдерінің Қазақстанға арнаған алғысын жеткізу.
«Құтты мекеннің» алғашқы кейіпкері – Қарқаралы ауданы, «Аппаз» ауылының тұрғыны, жан-тәнімен қазақ боп кеткен Юрий Шмидт. Юрийдің ұлты неміс, ауыл шаруашылығымен айналысады. Жұбайы Мая екеуі 35 жыл тату-тәтті өмір сүріп келеді, ұл-қыз тәрбиелеп отыр, төрт сәбидің атасы мен әжесі.
- Мен үшін қазақ тілінен артық тіл, Қазақстанымнан артық мекен жоқ. Осында туып өстім. Мәжит досым екеуміз бірге мектепке барған сыйлас достармыз. Екеуміз де осы ауылда қалдық, туған жерімізді көркейтіп, әке жолын жалғастыру парызым деп шештім. Басқа елде тұрғанымды тіпті елестете алмаймын, - деп ағынан жарылды Юрий Борисович.
Ол болашаққа жоспарларын тек Қазақстанмен байланыстырады.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
-
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ассамблея жастары» төрағасы Т. Джумурбаевпен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті