29 Қазан, 2018
1225
Қарағандыда Вайнах мәдениеті мен дәстүрі ұлықталды
Қарағанды облысы ҚХА төрағасының орынбасары, облыстық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Б. Алтынбеков нәзік жандыларды «Вайнах әйел күнімен» құттықтап, зор денсаулық, еңбекте табыс тіледі.
«Жер бетіндегі бейбітшіліктің, келісімнің тілекшісі – Ана. Анаға жасалған құрмет баршамызға жасалған құрмет. Ана жыламасын. Ана бір қолымен бесік, бір қолымен әлем тербеген тіршілік иесі. Еліміздің болашағы сіздердің қолдарыңызда, себебі сіздер арқылы бала адамгершілік-рухани қасиеттерді бойына сіңіреді».
Вайнах әйелдер атына ҚХА мүшесі, "Достық" орденінің кавалері, шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы У. Джанаев құттықтау сөз арнады.
«Ананың аты барлық халықтарда, барлық құрлықтарда қасиетті. Әйел-ана өзіне рухани әлеует алып, уақыт байланысын бейнелейді. Ана тек ұрпақты жалғастырып қана қоймай, өмір бойы жүрегімізді жылытатын шуағын алып келеді. Вайнах әйелінде, сыртқы сұлулықпен қатар, белсенді өмір ұстанымы, ақылдылық, батылдық, төзімділік, сөзге адалдық, шыншылдық, ұстамдылық сияқты ер адамның қасиеттері бар.
Құрметті Вайнах әйелдері! Баршаңызға мереке қайырлы, құтты болсын. Әрбір шаңыраққа шаттық пен бақыт, отбасының аманшылығын, еліміздің өсіп-өркендей беруін тілеймін. Өмірде әйел жаққан шырақ сөнбесін! Сіздерге бейбітшілік пен тыныштық тілеймін».
Іс-шара барысында қатысушылар өз өміріндегі қызықты оқиғаларымен бөлісіп, қонақтарды Вайнахтардың мәдениеті мен дәстүрлерімен таныстырды.
"Вайнах" жексенбілік мектебінің шешен тілінің оқытушысы Р. Исраилова ұлттық тағамдарымен, ал А. Галаева Вайнах халқының ұлттық және дәстүрлі киімдерімен таныстырып өтті.
Қонақтардың алдында "Хайдакъ" би ансамблі, еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Дана Макшонова және халықаралық «Азия дауысы» фестивалінің лауреаты Серік Көшкінбаев өнер көрсетті.
Мерекенің соңында кешқа қатысушылар алғыс хаттармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
25 Тамыз, 21:37
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті