26 Желтоқсан, 2019
2090
Қарағандыда Ж. Тәшенов жүлдесіне арналған жыр бәйгесінде Кәмшат Хасен «Жылдың үздік ақыны» атанды
Бүгін Қарағандының Достық үйінде жыл сайынғы қалыптасқан дәстүрге сәйкес қоғам қайраткері, айтулы тұлға Жұмабек Тәшенов атындағы үздік айтыскерлер мен ақындар байқауының марапатты салтанаты өтті.
Биылғы кештің қадірлі қонағы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Жүрсін Ерман болды. Одан өзге руханият жанашыры, ел ағалары бәйгетөбенің сәнін кіргізіп отырды.
Айта кетейік, игі шараның өтуіне Қазақстан халқы Ассамблеясы «Қазақтану» жобасы аясында ашылған «Арқа-айтыс мектебінің жетекшісі» Айтбай Жұмағұлов мұрындық болды.
Аталмыш жыр мүшәйрасының жеңімпазын сайысқа қатысушы ақындардың өздері бір-біріне дауыс беру арқылы анықтады. Аймақта танымал және поэзияға енді қанат қаққан ақын-прозашылар бұл байқауға ең үздік деген шығармаларын ұсынды.
«Поэзияда бұрылыс жасау болашағынан зор үміт күттіретін арынды ақынның ғана қолынан келеді. Соны мен үнемі арқаның, Қарағандының ақындарынан көрем. Жыл сайын дәстүрге айналған осынау игі шара біздің рухани өсіп, әдебиет пен мәдениетке деген шын махаббатымызды байқатады. Қанаттарың талмасын», деп тілегін білдірді Жүрсін Ерман.
«Елімнің мүддесі үшін қияметке де дайынмын!» деп, кейінгілерге ерліктің асқан үлгісі болатын, қанатты сөзін қалдырған Жұмабек Тәшенов атындағы аталмыш шарада ине шаншар жер болмады.
«Қазақтың ұлттық рухының асқар шыңы, қайнар бұлағы болатын ұлы тұлға Жұмабекті рухтас қалың қазағымыз шамамыз жеткенінше насихаттап, барынша ұлықтайық», - дейді ұйымдастырушылар.
Бәйге екі мақсатты көздеді. Біріншісі - әдебиеттің дамуына үлес қосу, екіншісі - Жұмабек Ахметұлының қаһармандығын, ел үшін басын қатерге тіккен ерлігін насихаттау.
Сонымен, Жұмабек Тәшенев жүлдесіне арналған жыр бәйгесінде «Жылдың үздік ақыны» болып Кәмшат Хасен танылды.
«Үздік қайраткер» Сұрыптау теміржол стансасының басшысы Асан Үмбетов болса, «Үздік айтыскер» Еркеғали Бекболат, «Үздік газет журналисі» Қызғалдақ Айтжанова деп танылды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті
-
Қарағанды облысында «Бірлік» халықаралық жастар лагері басталды
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
-
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
5 Қыркүйек, 22:32